Маңғыстау облысында алдағы бес жылда 18 мектеп салынады деп жоспарлануда
19 Января 2020 (15:41) | 3090 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы мен Маңғыстау облысындағы білім сапасын бақылау департаменті басшысы Есболат Өмірзақ мәлімдеді.
-Бүгінгі таңда облыс бойынша 150 мыңға жуық оқушыны қамтитын жеке, кешкі, орта білім және жалпы білім беретін сондай-ақ, арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мектептерді қосқанда 154 мектеп жұмыс істейді. Жыл сайын көшіп келіп жатқан халықтың көптігінен, мектепке қабылданатын бала санының өсуіне байланысты бүгінде үш ауысымдағы мектептер мәселесі өзекті болып отыр.
Облыс бойынша 2018 жылы олардың саны 6 болса, 2019 жылы 9 мектепке көбейді. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы Ақтау қаласында 2 мектептің жанынан 320 орынды қамтитын қосымша ашылды. Арнайы жүргізген санақтың нәтижесінде алдағы 5 жылдықта 72 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.
Жыл сайын 19 мыңға тарта бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылдануда. Алдағы уақытта 3 мектептің құрылысын аяқтап және жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен тағы 6 мектептің құрылысын бастау жоспарға енгізілген», - дейді Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысы Сейдалиев Асқар Әбиұлы.
Мемлекеттік - жекешелік әріптестік механизмі аясында Ақтау қаласында 2 мектеп пен 9 балабақшаның құжаттары әзірленіп, салынады деп күтілуде.
Облыс бойынша мектептердің бейнебақылау камералары жаңартылып, әжетханаларын ішке көшіру мәселесі шешілмек.
Осы орайда аудандардағы 53 мектептің әжетханаларын ішке көшіру жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталмақ. Сонымен қатар, 30 күндік деректер сақталатын бақылау камералары барлық талаптарға сәйкес жабдықталып, орнатылатын болады.
Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему