Сенаторлар Маңғыстауда кәсіпкерліктің дамуына мүдделі
Курс валют в Актау
на 17/01/2020
 
375.64
379.12
 
417.92
422.66
 
6.03
6.19
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Января, 20:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сенаторлар Маңғыстауда кәсіпкерліктің дамуына мүдделі

13 Января 2020 (10:05) | 401 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына жұмыс сапарымен  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Михаил Бортник пен Бақтыбай Шелпеков келді. Кездесу барысында сенаторлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде сөз қозғап, осы салаларда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтып өтті.

 

 

Бизнес - ел дамуының негізгі бағыты, қозғаушы күші. Сондықтан да кәсіпкерлер палатасының қатысуымен шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдарын оңтайландыру мәселесі көтерілді. «Атамекен» микро қаржы ұйымы құрылған 3,5 жыл ішінде 2,2 млрд тг соммада шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берген. Соның көмегімен облыста 405 бизнес нысаны ашылып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Статистикаға жүгінсек, екінші деңгейлі банктерден несие алып іс бастағандардан гөрі, «Атамекен» микроқаржы ұйымынан несие алғандар, шағын қаржыға көп адамды жұмыспен қамту жағынан ерекшеленеді. Сондықтан да шағын бизнесті несиелендірудің жаңа жолы ұсынылды.

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев:

 

-«Атамекен» микроқаржы ұйымымен берілген несиенің 97%-ын кәсіпкерлер өтеді. Артылған үміт ақталды, несиені ешқандай қиындықсыз рәсімдеп, оны өндіруде тәжірибе бар.

 

Сондықтан да «Атамекенге» қаржы институттары, операторлармен тең дәрежеде жағдай жасалса игі.   Өйткені, іскерлер мен кәсіпкерлер палатасы ортасындағы делдалға уақыт та, артық қаражат та жұмсалып отыр. Шағын бизнесті несиелендіру шарттарын, әдістерін оңтайландыру қажет,- деп ой түйіндеді.

 

 

Өз кезегінде Сенат депутаты Михаил Бортник: «Бизнесті несиелендіруді одан әрі жетілдіру, кәсіпкерлер палатасының осы жолдағы орнын айқындау мәселесін республикалық деңгейде көтереміз. Өйткені, бұл мәселе еліміздің барлық өңіріне ортақ. Кәсіпкерлікке халықты тарту, жұмыссыздықты азайту - маңызды шаралардың бірі деп білеміз»,- деп нақтылады.

 

Кездесу соңында МО кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов Маңғыстаудың сенімі мен үмітін арқалап жүрген сенаторларға сәттілік тіледі. Пайымды пікірлер айтылған келелі кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.

 

Суретті түсірген Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему