Сөздерінде жалын бар жастармен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 20/11/2019
 
385.7
389.15
 
426.81
431.07
 
5.98
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
20 Ноября, 17:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сөздерінде жалын бар жастармен кездесу өтті

31 Октября 2019 (15:47) | 1425 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде арнайы кездесу өтті. Өңірімізге іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин және Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков студент жастармен кездесті.

 

 

Басқосуда сөз алған Арман Бердалин Агенттіктің білім саласын назардан тыс қалдырмай, мектептердегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының, жоғары оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің жұмыстарын қадағалап отыратындығын, аталған жобалар арқылы әрбір өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық дәнін егіп, болашақ елінің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу - басты мақсат екенін атап көрсетті.

 

Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген Ырза Тұрсынзада өз әңгімесін жастарға, соның ішінде қыз балаларға арнады. Болашақтың ар-намысы қыздың қолында, «Ер адам азаматты тәрбиелейді, әйел адамзатты тәрбиелейді» дей келе, студент жастарға адалдық –парасаттылықтың бастауы екенін түсіндіріп, әрбір азаматтың рухын көтеріп, намысын биіктетер рухани әңгімесімен жалғастырды.

 

 

Қызыл тілдің шебері, айтыскер ақын, агенттік өкілі Арман Бердалин «Мемлекетті арба деп қарайтын болсақ, арбаның жылжуына 5 түрлі күш тобы әсер етеді. Бірі алға сүйресе, кейінгі топ иығымен демеп, арбаның одан әрі жылжуына үлесін қосады. Енді бірі осы арбамен діттеген жеріне жетуді ойласа, төртіншісі кедергі жасап, бөгеттер коюмен әуре, бесінші топ сырттай бақылап, сынаушы ретінде қатысады» - деді.

 

Сондықтан аға буын мен кейінгі буын арасында ұрпақтар сабақтастығының жалғасып, әділ де адал көзқараста болып, әркез мемлекетке демеу болар жастардың өсіп келе жатқандығына сенімдерін білдірді.

 

 

Еркін форматта өткен кездесуді жастар жылы қабылдап, өз ойларын ашық білдіріп, жүрек жарды ұсыныс – пікірлерімен бөлісті.

 

Фотоны ұсынған ЖОО баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему