Маңғыстаулық самбошылар Азия Чемпионатынан жеңімпаз болып оралды
16 Сентября 2019 (09:39) | 3448 | Автор: Нурганым Имашева
12-16 қырқүйек аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында самбо күресінен жасөспірім, ұл-қыздар, жастар арасында және ерлер мен әйелдер арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға 21 мемлекеттен 300-ден астам самбошы қатысып, бақтарын сынады. Қазақстан құрама командасынан 30-ға жуық спортшы қатысып, байрақты бәсекеде ел намысын қорғады.
Қазақстан кұрама сапында Маңғыстау облысы "Жас батыр" спорт мектебінен 2 спортшы қатысып жеңіс тұғырына көтерілді.
-56 келі салмақта Дәурен Төлегенов жапониялық, корейлік, бангладештік және тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, финалға жолдама алды. Финалдык белдесуде өзбек балуанын айқын басымдылықпен ұтып, алтыннан алқа тағып, еліміздің әнұранын Үнді елінде әуелетіп, абыройымызды асқақтатты.
Сондай-ақ, 70 келі салмақта Нұрбек Қуанышұлы иорданиялық, қырғыздық, пәкістандық,тәжік балуандарын ұтып соңғы финалдық белдесуде 1:1 есебімен өзбек балуанына есе жіберіп күміс медальді қанағат тұтты.
Бұл екі спортшымыз енді алдағы қазан айында Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатында өз бақтарын сынайтын болады,-дейді облыстың самбодан бас бапкері Берік Жұмағалиев.
Сонымен қатар "Жас батыр" спорт мектебінің қос бапкері Берік Жұмағалиев пен Айбек Жанболатұлы "Үздік төреші" Алғыс хатымен марапатталды.
Суреттерді ұсынған "Жас батыр" спорт мектебінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему