Маңғыстаулық құтқарушылар химиялық кешендегі апатты жағдайды сәтті жойды
Курс валют в Актау
на 20/09/2019
 
385.7
388.95
 
425.2
429.59
 
5.94
6.08
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
20 Сентября, 02:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар химиялық кешендегі апатты жағдайды сәтті жойды

9 Сентября 2019 (09:25) | 490 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының хабарлауынша, Өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде «КазАзот» АҚ кәсіпорнында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Химиялық кешеннің бұрынғы азотты-тыңайтқыш зауыты өңірдегі аса қауіпті өндірістердің бірі болып табылады. Кәсіпорында қатты әсер ететін улы заттардың көп мөлшері өнім өндірісінде үнемі қолданылады және сақталады.

 

 

Оқу-жаттығу апатының сценарийі бойынша аммиак сақталған №8 цистернада қауіпсіздік бойынша жұмыс жүргізу кезінде құбыр желісінің жарылуы орын алды. Детонация салдарынан құбырдың зақымдануы орын алды, бұл өз кезегінде аммиактың ауаға шығарылуына алып келді. Зауытта дабыл жарияланып, шұғыл түрде жергілікті радио желісі бойынша қызметкерлерді хабардар ету басталды.

 

 

Қызметкерлерге аумақтан шығып кету және газдансақтандырғыштар кию керектігі ұсынылды. Сондай-ақ өндірісті апатсыз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Шартты төтенше жағдай орнына Маңғыстау гарнизонының өртке қарсы қызмет күштері мен құралдары жоғары рангпен жіберілді. Қызметкерлерді құтқару және эвакуациялау бойынша алғашқы іс-қимылдарға «Өрт сөндіру» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері кірісті, олар өз кезегінде қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығарып, дәрігерлер алғашқы көмек көрсетумен айналысты.

 

 

«КазАзот» АҚ бас инженерінің айтуынша, кәсіпорынның барлық қызметкерлері нақты және тиянақты жұмыс істеді. Әр қызметкер өз орнын және апаттық жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібін нақты білді. Оқу-жаттығуларға қатысқан барлық қызметтер алға қойылған міндеттерді жақсы орындады. Барлық бөлімшелердің толық өзара іс-қимылы көрсетілді.

 

-Нақты апат күтпеген табиғи құбылыс болған жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістегі жағдайды тұрақты бақылау және ірі апатқа жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктері бар. Аммиактың аздаған мөлшерінің шығынын қызметкерлердің өз күшімен жою мүмкіншілігі бар, – деп өз ойын білдірді.

 

«Оқу-жаттығуға Қызметтің жеке құрамынан 45 қызметкер және «Өрт сөндіруші» МЕӨҚҚ өрт сөндірушілері, сондай-ақ «КазАзот» АҚ-ның қызметкерлері, медицина қызметкерлері қатысты. Алты бірлік негізгі, арнайы және қосалқы өрт сөндіру техникасы және «КазАзот» АҚ-ның 2 бірлік техникасы жұмылдырылды»,-деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему