Ақтауда ауылдың әйел кәсіпкерлеріне арналған оқыту семинары өтті
Курс валют в Актау
на 22/10/2019
 
385.7
391.67
 
432.47
436.82
 
6
6.17
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
22 Октября, 11:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ауылдың әйел кәсіпкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

8 Июля 2019 (12:28) | 1207 | Автор: Нурганым Имашева

«Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» атты тегін шеберлік сабағы Азия даму банкінің қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырды.

 

 

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ ауыл әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту.

 

Семинарға облыстың барлық ауданынан 60-тан астам әйел кәсіпкер қатысты. Олардың қатарында шаруа қожалықтарының басшылары, өндірістік кәсіпорындардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер бар.

 

-Екі күндік оқытуда бизнес-тренер тәжірибелік тапсырмалар мен кейстер арқылы әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне, бухгалтерлік және басқару есебіне үйретіп, салық пен инвестиция тарту сұрақтарына жауап берді.

 

Сонымен бірге, тыңдаушылар жеке брендті дамыту маңыздылығын, пиар жұмысын үйлестіру мен интернет-маркетинг негіздері туралы толық үйрену мүмкіндігіне ие болды,- дейді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры, әлеуметтік бастамалар департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова.

 

 

Оқыту аясында қатысушыларға Қазақстандағы бизнесті жүргізудегі қаржылай және қаржылай емес қолдау туралы Кәсіпкерлер палатасының мамандары таныстырды. Ал кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары жөнінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының қызметкерлері кеңінен тоқталды.

 

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер мен шағын несиелік ұйымдардың өкілдері нәзік жанды іскерлерге шағын және орта бизнес субъектілерінің жобаларын қаржыландыру бағдарламалары мен оларға қатысу шарттарын түсіндірді.

 

Қатысушылар өз кезегінде семинардың кәсіби біліктіліктерін көтеру үшін қажетті шара екенін, сондай-ақ, ауылдық жерлерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту идеясын танымал етудің маңыздылығын атап өтті.

 

-3 млн.теңге несие алып, мал шаруашылығын жақында бастадым. Ұлттық өнімдерді, шұбатты сатылымға шығаратын ойым бар. Маңғыстау ауданынан 12 кәсіпкер келіп отырмыз. Семинарға келгеніме өте қуаныштымын. Бизнес құру, оны дамыту, қаражатты дұрыс жұмсау, банкротқа ұшырамау әдістерін үйретті,- деп ойымен бөлісті кәсіпкер Сәуле Бусаханова.

 

«Атамекен» ҚР ҰКП аймақтық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жалпы өңірде 52 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 50% жуығы әйелдер еншісінде.

 

 

Айта кету керек, Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді».

 

-Айта кетейік, Азия даму банкі /АДБ/ кедейлікті жою мақсатында Азия-Тынық мұхиты өңірінің дамыған, интеграцияланған, өміршең және тұрақты болу жолында жұмыстанып келеді. 2018 жылы АДБ 21,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде грант пен қарыз берді. Банк 1966 жылы құрылды және оның акционерлері 68 ел болып табылады. Қазақстан 1994 жылы АДБ-ға мүше болды және өз экономикасын дамыту үшін 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде тәуелді және тәуелсіз заемдар, кепілдіктер және техникалық көмек алды,- деп мәлімдейді осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен «Атамекен» ҚР ҰКП аймақтық филиалының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему