Маңғыстауда медициналық сақтандыру қорына 9 млрд теңгеден астам жарна түсті
Курс валют в Актау
на 20/06/2019
 
381.76
384.8
 
427.05
431.48
 
5.91
6.06
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
20 Июня, 02:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда медициналық сақтандыру қорына 9 млрд теңгеден астам жарна түсті

10 Июня 2019 (16:40) | 335 | Автор: Нурганым Имашева

Мамыр айында Маңғыстау облысы бойынша медициналық сақтандыру қорына 459 млн теңге шамасында жарна түскен, ал республика бойынша түскен жарна көлемі 9,5 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Маңғыстаудағы филиалы хабарлады.

 

 

- Мамыр айында Маңғыстаудан түскен қаражаттың 458 млн теңгесін – жұмыс берушілер, қалған 247 мың теңгеге жуығын жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған, - дейді ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Керимбаева Жанетта Нұрбергенқызы.

 

 

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Маңғыстау облысынан жинақталған жарнаның жалпы сомасы 9,014 млрд теңгені құрады. Ал республика бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 176,7 млрд теңге болып отыр.

 

 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Маңғыстау облысы 7-ші орында. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізіледі.

 

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі

 

Байланыс телефондары 46-25-79, 87025639211

 

Суреттер Shopomania.kz,, Sputnik Казахстан ссасайттартвапрынан сайттарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему