Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарына кәсібін дамытуға несие берілмек
Курс валют в Актау
на 24/05/2019
 
376.57
380.12
 
420.08
424.47
 
5.78
5.95
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
24 Мая, 10:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарына кәсібін дамытуға несие берілмек

15 Мая 2019 (09:44) | 359 | Автор: Нурганым Имашева

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша микрокредиттер беру туралы брифинг «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында жүргізілді.

 

 

Баспасөз мәжілісінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалының директоры Мұрат Баймағамбетов:

 

- 2019 жылға облысқа қаралған 1 244 089,0 тенгенің 746 453 400,0 тенгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы несиеленетін болады.

 

Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша облысқа бөлінген 1 244 089,0 тенгенің 821 837 200,0 тенгесі 210 несие алушыға Қор арқылы берілді. Бұдан бөлек басқа да бағдарламалар арқылы 23 адамға қосымша 130 750 000,0 тенге шағын несие берілді. 2018 жылы барлығы 233 кәсіпкерге 952 587 200,0 тенге берілді. Облыс бойынша қосымша 335 жұмыс орыны ашылып отыр.

 

 

Жалпы, 2019 жылы шағын несиеге барлығы 944 302000,0 тенге қаралған. Бұл қаражатпен 262 кәсіпкерлік субъектілерін қамтамасыз ету жоспарланған. Несие жылдық 6%, 84 айға дейін беріледі. Несие көлемі, мерзімі Қордың несиелеу шарттарына сәйкес жүргізілетін болады.

 

Бағдарлама әкімшілігі облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы және облыстық әкімдікпен Қор арасындағы үш жақты несиелеу шарты жасақталды. Бағдарламаға қатысушылардан өтініштер қабылдауды бастадық. Бүгінге 67 150 000 тенге болатын 18 өтініш қабылданды.

 

Бұдан бөлек, өткен жылдары берілген несиенің қайтарым қаражаты есебінен 31 кәсіпкерге 118 097 000,0 тенге берілд,- деп мәлімдеді.

 

Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша индикативтік көрсеткіштерге сәйкес облысқа барлығы 10000 бас ҰММ (қой) сатып алып беру жоспарланып отыр. Соның ішінде, 3500 бас Қор арқылы, ал қалған 6500 бас АНК арқылы қаржыландыру жоспарланған.

 

Қазіргі таңға 1294 бас ҰММ (қой) өтініш қабылданып, несие комитетінде қаралып қанағаттандырылды.

 

Қосымша ақпарат бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады.

 

Мекен жайымыз: Ақтау қ.16 ш/а. «Қайсар» БО. 2 қаб. Тел 30-43-42

 

Суреттерді түсірген «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему