ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барды
Курс валют в Актау
на 25/06/2019
 
376.86
380.13
 
429.38
433.8
 
5.95
6.13
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Июня, 19:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барды

12 Апреля 2019 (11:27) | 602 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жыл 11 сәуір күні Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барды.

 

 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов облыстық Кәсіпкерлер палатасы базасында құрылған, ел аумағында алғашқы «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын ҚР Президентіне таныстырды. Жоба мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын бір орталықтан көрсету.

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында қызмет көрсетудің 5 аймағы жұмыс істейді.

 

1. «Қаржыландыру» аймағында – «Атамекен» микроқаржы ұйымы, Аграрлық несиелендіру корпорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Каспий» ӘКК және екінші деңгейлі банктер қызметтері ұсынылған.

 

2. «Өткізу» аймағында – бизнеске арналған маркетинг, бухгалтер қызметі, экспорттық сүйемелдеу, тауар өткізу тізбектері, мемлекеттік сатып алу, CT KZ сертификатын беру, бизнес және сауда саласын басқару бағыттары бойынша қызметтер көрсетіледі.

 

3. «Цифрлы қызмет көрсету» аймағында – «Atameken services» порталы арқылы кәсіпкерлер онлайн режимінде 8 бағыт бойынша қажетті қызмет түрлерін ала алады, оқу курстарына қатысып, жобаларын қаржыландыруға өтініш жібере алады. 2018 жылдың тамызынан бүгінге дейін 544 адам осы қызмет түріне жүгінген.

 

4. «Құқықтық сүйемелдеу» аймағында – кәсіпкерлердің құқығын және заңды мүдделерін қорғау қызметі ұсынылады. Кәсіпкерлер арасындағы дауларды сотқа дейін медиаторлар көмегімен шешу. 2018 жылы Кәсіпкерлер палатасының араласуымен 2,2 млрд теңге көлемінде кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Осы кезеңде 133 кәсіпкер құқықтық көмек сұрап хабарласқан болса, соның 53%-ы оң шешімін тапты.

 

5. «Оқыту» аймағында – «Атамекен» кәсіпкерлерге арнап оқу курстарын жүргізеді, сондай-ақ, жұмыспен қамту, бос жұмыс орындары мониторингі жайлы мағлұматтар беріледі. Өткен жылы кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен 2011 адам білім алып, жалпы сомасы 1,3 млрд теңге көлемінде 338 жоба қаржыландырылды.

 

 

-Бизнеске арналған Үкімет» жобасы арқылы әр кәсіпкер өзінің бизнесін дамыту, біліктілікті жоғарылату мен қаржыландыруға қатысты консультациялар мен қызмет көрсетудің кең ауқымын ала алады. Кәсіпкерлерге барлық қызметтерді бір жерден алуға жағдай жасалған.

 

Ең бастысы кәсіпкерлер, орын алған мәселенің күрделілігіне қарамастан, қайда барып, жүгіну қажет екенін нақты біледі. «Бизнеске арналған Үкімет» арқылы біз кәсіпкерлерге арналған бірыңғай хаб құрамыз, бұл жұмыс, жалпы алғанда, ел экономикасына оң әсер ететін болады. «Атамекен» келешекте аталған жобаны республиканың барлық өңірлерінде мультипликаттауды жоспарлап отыр, – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде «Бастау» жобасы арқылы кәсіп ашқан іскерлермен кездесті. Солардың бірі- Алтынгүл Қауқарова. Ол кәсіпкерлік негіздерінен білім алып, Шетпе ауылында балабақша ашты. Барлығы 10 млн тг несие «Атамекен» өңірлік микро қаржылық ұйымынан бөлінді.Түпқараған ауданынан Айтөре Бұхаева стоматологиялық кабинет ашты. Енді тұрғындар аудан аумағынан ұзамай-ақ кешенді ем қабылдай алады. Құрық ауылынан жас кәсіпкер Көмекбай Қойбағар түйе шаруашылығын қолға алды. Қазір ауыл халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

 

2018 жылы «Бастау» бойынша 1056 адам оқуға қатысты, оның ішінде 305-і жеке кәсібін бастап, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашты.

 

 

Жалпы Маңғыстау облысында 2018 жылы кәсіпкерлік саласына берілген несие көлемі 11,9 млрд теңгені құрайды. Жалпы сомасы 4,8 млрд теңге 424 жобаны субсидиялауға бөлінді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 168 жобаға 3,3 млрд теңге бөлінді, ал «Нұр капитал» бағдарламасы шеңберінде 44 жобаға 845,4 млн теңге жұмсалды. Ал, шағын несие ретінде 710 жобаға 7,1 млрд теңге бөлінген.

 

Бұл туралы біздің басылымға Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему