Маңғыстаулық балуан Нұркен Домбаев - төрт дүркін ҚР чемпионы атанды
Курс валют в Актау
на 27/01/2021
 
417.65
421.61
 
508.46
513.6
 
5.58
5.77
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Января, 09:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуан Нұркен Домбаев - төрт дүркін ҚР чемпионы атанды

9 Апреля 2019 (09:48) | 1139 | Автор: Нурганым Имашева

Семей қаласында самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен ел біріншілігінде маңғыстаулық Нұркен Домбаев алтыннан алқа тағып, ҚР чемпионы атанды.

 

 

Боз кілемде 52 келі салмақта белдескен жерлесіміз, «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Нұркен Домбаев қарағандылық, атыраулық, ақмолалық, шымкенттік қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, жеңіс тұғырынан көрініп, аймақ абыройын асқақтатты. Қуанышты жаңалықпен балуанды жарысқа дайындаған білікті бапкер Берік Жұмағалиев бөлісті.

 

Нұркен Домбаев осымен төртінші рет ҚР чемпионы атанып отыр. Намысты балуан бұған дейін үш дүркін Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері атанып және Әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығалаған болатын. Соның нәтижесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді.

 

 

-Үздіксіз дайындық пен ұзақ уақыт еңбектің нәтижесінде бүгінгі жарыстың чемпионы атанып, алтын медальді қанжығаладым. Сонымен қатар маусым айында Индияда өтетін Азия чемпионатына және қараша айында Кореяда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алдым.

 

Жарысқа дайындаған, әрдайым қолдау көрсететін мектебіміздің басшысы Манарбек Бисекенов пен бапкерім Берік Жұмағалиевқа зор алғысымды білдіремін,-дейді самбодан ҚР чемпионы Нұркен Домбаев.

 

«Самбо күресінің академигі» Керей Қойшыбектің құрметіне ұйымдастырылған ҚР чемпионаты 5-7 сәуір аралығында Семей қаласында өтті.

 

Суреттерді түсірген «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему