Банкротқа ұшырау мәселені шешпейді
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 17:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Банкротқа ұшырау мәселені шешпейді

27 Марта 2019 (14:41) | 1697 | Автор: Нурганым Имашева

Банкроттық нарық шарушылығының бір категорясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген «Оңалту және банкроттық» туралы Заңның банкроттықты тану туралы 4-бабында банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленетіні жазылған. Сондай-ақ борышкер белгiленген жағдайларда өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.

 

 

Осы заңның 5-бабына сай кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады. Яғни, қарыздарды төлей алмай, ақшалай міндетінің артуы, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемді қамтамасыз ете алмау. Заңда әдейi және жалған банкроттық үшін және банкроттыққа жол бергені үшін де белгілі жауаптылықтар көзделген. 6-баптың 1 тармағында борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және лауазымды адамдары әдейi банкроттық үшiн дәрменсiз борышкердің кредиторлары алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиарлық жауаптылықта болады. Банкроттың лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi әкеп соқтырғаны үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне залалды өтейдi.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банкроттыққа ұшыраған серіктестіктің бұрынғы екі басшысын қосымша жауапкершілікке тарту және олардан ортақ түрде 15 644 612 теңге өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Серіктестік бұрын бюджетке салық және басқа да төлемдер бойынша қарыз берешегіне байланысты банкрот болған. Алайда, сол кездегі басшылары төлем қабілетінің нашарлауына байланыс заң бойынша алты ай ішінде сотқа жүгіну шараларын қабылдамаған. Осы әрекеті үшін жауапкерлер кредит берушінің алдында келтірген шығынды толтыру керек.

 

Сот серіктестіктің бір басшысы аталған уақыттан бұрын қызмет атқарғандықтан, тек екіншісін қосымша жауапкершілікке тарту, одан 15 644 612 теңге шығынды және 469 338 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім шығарды. Осы орайда банкротқа ұшырауға жол бергені және банкроттықтың алдын алуға әрекет етпегені үшін де басшылар жауапсыз қалмайтынын атап айту керек.

 

Жалпы елімізде банкрот алдында тұрған кәсіпорындар саны өте көп. Қаржылық жағдайы ауыр бизнес субъектілерінің қаржылық жағдайына объективті баға беріп, оны банкрот деп тану қиын. Қарыздарды өтеуге мүмкіндік беретін қандай да бір активтері не басқа жағдайы болса, оны ескеріп, оңалтуды қолдану тиімдірек. Алайда көпшілік жағдайда борышкер өзінің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қаржы қорының бар екенін дәлелдемейтін жағдайларды көрсетпейді.

 

Банкроттық туралы істі бітімгершілік келісіммен қарау заңда қарастырылған. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңына жаңа толықтырумен енгізілген «Бітімгершілік келісім» банкроттық рәсімін жүргізудің кез-келген сатысында борышкер мен кредиторға бітімгершілік келісімін жасауға мүмкіндік береді. Бітімгершілік келісімді бекіткен кезде сот ұйғарым шығарып, банкроттық рәсімінің тоқтатылатыны және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қолдану туралы шешімнің орындауға жатпайтынын тараптарға түсіндіреді. Айта кету керек, күшіне енген бітімгершілік келісімді орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

 

Маңғыстау өңірінде банкроттықты тану туралы істер жиі қаралады. Өткен 2018 жылы өңірде экономикалық сотта банкроттықты тану туралы 230 заңды тұлғаға және 21 жек кәсіпкерге қатысты сот шешімі шықса, биыл жыл басынан бері 26 заңды тұлға, яғни серіктестіктер мен мекемелер және 2 жеке кәсіпкер банкрот деп тану рәсімінен өткен.

 

Өмірзақ Садықов,

Маңғыстау облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему