Маңғыстауда 55 медицина ұйымы халыққа ақысыз қызмет көрсетеді
28 Февраля 2019 (09:18) | 1666 | Автор: Нурганым Имашева
Биыл Маңғыстау тұрғындарына 55 медицина ұйымы тегін медициналық қызмет көрсетеді.
- 2019 жылы облыс бойынша та 55 медицина ұйымымен келісімге қол қойылды: соның ішінде 26 жеке меншік клиникамен, ал 29 мемлекеттік мекемемен келісімшарт жасалып отыр. Келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде берілетін мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жергілікті филиалының бөлім басшысы Ақерке Туманчаева.
Оның айтуынша, «Маңғыстау филиалының Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша 2019 жылға 25,886 млрд теңге қарастырылған.
Ал, бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша 20 емханамен келісімшарт бекітілген: оның 12-сі – мемлекеттік мекеме болса, 8-і– жеке клиникалар. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жеке меншік клиникалардың саны артқан».
Суреттерді ұсынған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жергілікті филиалының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему