«Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі-2018» республикалық байқауында жеңімпаз атанды
26 Декабря 2018 (11:56) | 2783 | Автор: Нурганым Имашева
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ҚР Білім-Ғылым Министрлігінің ғылыми комитеті Мемлекет тарихы институты мен «Bilim – orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – 2018» атты республикалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты республикамыздың дарынды, үздік педагогтарын анықтау және инновациялық идеяларын арттыру, қоғамға кеңінен насихаттау.
Байқауға республикадан жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Басты мақсат - үздіктердің үздігін анықтау болды, байқау II кезеңнен тұрды, I кезеңде қатысушылар инновациялық технологияларды өз сабақтарында қалай қолданып жүргенін көрсетсе, II кезеңде «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында эссе жазды. Эсседе өз мамандығын таңдаудағы мақсаты, ұстаздық жолындағы жеткен жетістігі, шәкірт тәрбиелеудегі жаңашыл іс тәжірибесі, шәкірттерінің жетістіктері қамтылуы тиіс болды.
Аталмыш байқауға Ақтау қаласынан бірнеше мұғалім өз бағын сынаған еді. Соның бірі Маңғыстау политехникалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Қазақ Хасан Сардарұлы. Шығармашыл ұстаз аянбай еңбек ету арқасында бұл шыңды да бағындырып жеңіске жетті.
Қараша айының 29 жұлдызында Астана қаласында, Министрлер үйінде өткен марапаттау рәсімінде «Үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі – 2018» атты республикалық байқауының жеңімпазы атты дипломмен, төсбелгімен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін № 011 куәлікпен марапатталып, жазған еңбегі «Bilim – orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының шығарған жинақ кітабына енді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта алар асуларыңыз көп болсын дегіміз келеді.
Суреттер жеке архивтен алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему