Сот жүйесінің коммуникациялық стратегиясы
Курс валют в Актау
на 13/05/2021
 
425.38
429.07
 
516.27
521.33
 
5.67
5.82
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
13 Мая, 08:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесінің коммуникациялық стратегиясы

12 Декабря 2018 (10:08) | 1957 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында БАҚ-пен байланыс жұмыстары туралы «Сот жүйесінің коммуникациялық стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Айжан Молбаева, аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

 

Семинарда аудандық және оған теңестірілген соттардың БАҚ-пен өзара іс-әрекет жұмысы, үйлестіруші-судья туралы Ереже талаптары, БАҚ жұмысына жауапты мамандардың міндеттері, жауапкершілігі, сыни материалдар мен әлеуметтік желі жұмыстарын жүргізудегі жаңа талаптар талқыланды. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

А.Молбаева Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атқа міну мәдениеті, Ұлы даланың ежелгі металлургия саласы, аң стилінің өнері, Алтайда түркі әлемі­нің пайда болуы, Ұлы Жібек жолы сынды Дала тарихы мен мәде­ниетінің жеті қырына үңіліп, әрбір бөлімді шебер суреттегенін айтты. Сондай-ақ, ол төл тарихымызды білу, бағалау, насихаттау мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша нақты атқарылатын шараларды атап айтты.

 

Қатысушылар бір ауыздан жеті бағыт бойынша бейнероликтер түсіру, сот жүйесінің имиджін арттыру, жастарға үлгі болар тұлғаларды таныстыру  жұмыстары туралы ұсыныстар келтірді. Нәтижесінде Маңғыстаудағы бекет атаның жер асты мешіттері, академик, заңгер С.Зимановтың бай мұралары, Маңғыстау өңірінің атақты биі Есен Ерменбеттің еңбек жолы, атқа міну мәдинеті мен «Адай жылқысы» туралы бейне роликтердің сценарийлері талқыланды.

 

Одан әрі ақпараттық қамтасыз ету бөлімінің басшысы Г.Нұрханова қатысушыларға үйлестіруші судьялардың әлеуметтік желідегі жұмыс бағыттарын, ондағы талаптарды, желі арқылы түскен сұрақтар мен шағымдарға дер кезінде жауап беру керектігін түсіндірді. Осы жиында әр соттың жыл басынан бері ақпараттық және көпшілікпен байланыс жұмыстары сарапқа салынды.

 

Іс-шара соңында қатысушыларға алдағы жылға жұмыс жоспарларын құру, БАҚ-пен байланысты арттыру, әлеуметтік желідегі жұмысты бір ізге салу бойынша тапсырмалар берілді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему