Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралды
30 Июля 2018 (12:13) | 3043 | Автор: Нурганым Имашева
Әдеп жөніндегі кеңес Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаеваға қатысты «қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде» тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным енгізді.
01.06.2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан К.Оралбаеваға қатысты тексеру қорытындысы келіп түсті.
Атап айтқанда, Басқарма басшысының бұйрығымен қызметші К.Оралбаеваға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, төмендегідей мән-жайлар анықталған.
К.Оралбаева өздігінен Басқарма басшысының рұқсатынсыз, тиісті құжаттарды рәсімдеместен 2 күн жұмыста болмаған.
Бұл ретте Клара Оралбаева басқарма басшысы А.Бапиевтың ауызша рұқсаты бар екендігін алға тартып отыр.
Алайда, басқарма басшысы өз кезегінде мұны жоққа шығарды.
Мемлекеттік қызметшінің өтініші негізінде қандай да бір шешімнің қабылданғанына көз жеткізбестен қызмет орнында болмау әрекеті Әдеп кодексінің 5 тармағы 11) тармақшасындағы қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға делінген талаптардың бұзылуына әкеледі.
Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес Клара Оралбаеваға қатысты «қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде» әкімшілік жаза қолдану туралы ұсыным енгізді.
Бұл туралы біздің басылымға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему