Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі суға шомылушыларға сақ болуды ескертеді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 21:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі суға шомылушыларға сақ болуды ескертеді

17 Июня 2018 (16:57) | 2691 | Автор: Нурганым Имашева

Жаздың алғашқы күнінен-ақ суға шомылу маусымы басталды. Дегенмен, мамандар су температурасының төмендігіне байланысты әзірге суға түсуден бас тартқан жөн дейді.

 

 

Биыл ауа райы ыстық болуы мүмкін деп болжануда. Сондықтан тек демалушыларды ғана емес, судан құтқару қызметкерлерін де қауырт жұмыстар күтіп тұр.

 

Суға шомылу маусымы басталуына орай әр жұма-жексенбі күндері Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №2 Өрт сөндіру бөлімі, «Судан құтқару жасағы», Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп  күшейтілген түрде теңіз жағасына рейдтік жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

 

 

Төтенше жағдай орын алған уақытта орталықтың медицина қызметкерлері көмек көрсетпек.

 

Айта кетелік, демалыс маусымы үнемі, сәтті бола бермейді, Өткен жылғы мәліметтерге  сүйенсек, облыс көлемінде 16 адам суға батып кеткен, 4 адам құтқарылды.

 

 

Суға батушылардың басым көпшілігі балық аулаумен әуестенгендер, сонымен қатар су айдындарында кейбір адамдардың мас күйінде болуы олардың суға батуына себепші болған.

 

Әрине, теңізге шомылуға барғанда судан құтқару қызметкерлерінің әрекеттеріне сенумен ғана емес, әр адамның өз жауапкершілігі болу керек. Сондықтан Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар  бөлімі аудан тұрғындарына суда шомылу ережесін сақтай білу маңызды екенін ескертеді.

 

 

Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлім бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Елшібаев

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему