Маңғыстауда сот актілерінің сапасын жақсарту жолдары түсіндірілді
16 Июня 2018 (20:24) | 1898 | Автор: Нурганым Имашева
-Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің даму әлеуетінің 7 түйіні» бойынша «Сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттар», - деп аталатын жобаны жүзеге асыру мақсатында «Сот актілерінің сапасын жақсарту жолдары» атты семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Н.Примашев және алқа төрағалары, судьялар корпусы, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Х.Бегалиев, сот қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шара Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандум аясында өткізілді,-деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бүгінде ҚР Жоғарғы Соты соттардағы шешім, үкім, қаулылардың сапасын жақсартып, оларды дауласушы тараптарға түсіндіру шараларын қолға алғандығы баршамызға белгілі.
Семинар-тренинг барысында сөз алған Н.Примашев сот актісі –туындаған даудың негізгі қорытындысы болып табылатындықтан, оның қарапайым бұқараға түсінікті болуы маңызды екендігіне тоқталып өтті.
Одан әрі Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушылары Әлия Жеткізгенова, Гүлзира Қуатова баяндама оқып, мемлекеттік тілдегі және ресми тілдегі сот актілерінің сапасы туралы кеңірек айтты. Сондай-ақ, сот актілерінен арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, шешім, қаулы, үкімде жиі кездесетін пунктуациялық, орфографиялық, стилистикалық қателер назарға ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар аталған тақырып төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему