Мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы» жарысы өтті
Курс валют в Актау
на 25/02/2020
 
374.96
378.42
 
405.55
409.75
 
5.8
5.94
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Февраля, 11:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы» жарысы өтті

21 Мая 2018 (21:16) | 904 | Автор: Нурганым Имашева

 

Балалар және жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу, төтенше жағдайлардың туындауы мен қауіпі төнген кезінде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне саналы және жауапты көзкарасты қалыптастыру, балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі 13-17 жас аралығында мектеп оқушылары арасында Жетібай селосында орналасқан «№11 Өрт сөндіру бөлімінде «Жас құтқарушы» жарысы өткізілді.

 

Жарысқа ауданның №3, №4, №5, №7, №8 орта мектептерінің оқушылары қатысты. Жарыс жауынгерлік қанат жаю, оқу мұнарасының 1-ші қабатына көтерілу, кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өту, құтқару арқанын уақытқа байлау түрлері бойынша өткізілді.

 

Жарыс қортындысы бойынша 1-орын алған «№5 орта мектебі»,2-орын «№3 орта мектебіне» бұйырды, 3-орынды - «№8 орта мектебі» иеленді.

 

Сайысқа қатысушылар кубоктар және мақтау грамоталарымен марапатталды. Аудандық жарыстың жеңімпаздары «Жас құтқарушы» қалалық жарысына қатысатыны туралы белгілі болды.  

 

Данияр Елшібаев Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар

бөлімінің бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

Суреттерді түсірген Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему