Ақтауда өрт сөндрушілер арасында жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді
7 Мая 2018 (11:24) | 2148 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлуынша, «Маңғыстау Арена» спорт кешені аумағында Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
4х1000м эстафетасына облысымыздың әрбір ауданынан 30 жеңіл атлеттер қатысқан болатын.
Жеңіл атлетика эстафетасы – бұл маңызды рөлі нақты бір спортшының физикалық жағдайын ғана емес, бүкіл команданың жалпы жай-күйін білдіретін командалық спорт. Үйлесімді және командалық жұмылыспен жұмыс жасай білу көптен күткен нәтижеге қол жеткізеді. Мұның не екенін, ұжымда ұйымшылдықпен жұмыс жасауды өртсөндірушілерден артық ешкім білмес. Өртке шығар кезде, олар бір-біріне өз өмірлерін сеніммен тапсырады.
Салтанатты түрде жарыстың ашылу рәсімінде Қызмет бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Еркінбек Нұрғали құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға спорттық табыс, шыдамдылық пен мықты денсаулық тіледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша келесі сипатта орындар тағайындалды:
1-ші орынға - № 13МӨСБ ие болса, 2-ші орынға - № 1 МӨСБ орнықты, ал 3-ші орын -№ 4ӨСБ-ға бұйырды.
Жарысқа қатысқандардың басым бөлігі өрттен құтқару спортымен белсенді айналысып жүргендердің қатарында, сондай-ақ өңіраралық және республикалық жарыстарда облысымыздың атағын асқақтатып жүр.
Еркінбек Нұрғалидің айтып өткеніндей, «Мұндай жарыстардың қызметте де өмірде де пайдасы зор. Өртті сөндіру, ережеге сәйкес, айтарлықтай физикалық қозғалысты талап етеді, ал спорт қалыпты физикалық форманы ұстауға және өзіндік кәсіби міндеттерді абыроймен атқаруға көмектеседі».
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему