Маңғыстаулық дәрігерлер бес жасар баланы ажал аузынан арашалады
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 18:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық дәрігерлер бес жасар баланы ажал аузынан арашалады

6 Апреля 2018 (20:18) | 4515 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері мұнайлылық бес жасар Елдос Құспановты ажал аузынан арашалап аман алып қалды.

 

 

Бүлдіршінге отаны балалар нейрохируг-дәрігері Ербол Кенжевалов жасап, оған анестезиолог-дәрігер Қазбек Келеманов, ассистент Айтжан Латипов, медбике Калия Сарғабаева көмектесті.

 

Бір сағатқа созылған ота сәтті аяқталды.

 

- Балада бас ми жарақатының үшінші дәрежесі кездесті және миы іскен, дислокациялық синдром. Бала бізге өте ауыр жағдайда түсті, шұғыл түрде ота жасауға тура келді. Ота сәтті шықты.

 

Отадан кейін бала арнайы аппаратпен тыныс алды. Қазіргі таңда баланың денсаулығы жақсы...

 

 

Жүрек қалауымдағы мамандығымның арқасында бүлдіршіндерді өлімнен арашалап қалып, өмір сыйлағаным үшін қуанамын,-дейді балалар нейрохируг-дәрігері Ербол Кенжевалов.

 

Ербол Кенжевалов - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» бойынша бітірген.

 

 2007 жылы алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облыстық ауруханасында хирург болып бастаған. Қазіргі таңда Ербол облыстық балалар ауруханасында балалар нейрохируг-дәрігері болып жұмыс жасайды.

 

2012 жылы Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Қазіргі заман қаһарманы» байқауында бейбіт күні ерлік жасаған азаматтардың қатарында аты аталып, «Патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Суреттер Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему