Маңғыстаулық екі спортшы гiр көтеру сайысында жеңімпаз атанды
15 Марта 2018 (18:53) | 3366 | Автор: Нурганым Имашева
Отпан таудағы “Адай ата” кесенесінде Құнан орыс руының ұрпақтары өткізген Aмал мерекесiне арналған спорттық шарада, гiр көтеруден де сайыс ұйымдастырылды.
Гір тасын көтерушілердің Маңғыстау облыстық Федерациясы қолдау жасаған бұл жарыста жүлделі І орынға Маңғыстаулық спортшы Роман Жомарт ие болып, алтыннан алқа тақса, ІІІ орынды, яғни қола медальді де өзіміздің жерлесіміз Есетов Оспан жеңіп алды.
-Қазақстанның барлық қалаларынан гiр тасын көтеретiн спорт шеберлерi қатысты, бұл жарысқа, 20- дан астам cпортшы. Қатысушылар саны артқан сайын сайыстың да қызық бола түсетіні анық.
Жеңіске жеткен өзіміздің екі спортшы да Қазақстаннын жүлдегерлері, Маңғыстаудың намысын қорғап жүрген азаматтар.
Гiрдің салмағы 32#32кг. Яғни, спортшылар екі қолына 32 кг – нан тұратын екі гір тасын ұстап көтерді.
Бұл спортқа қызығушылар саны арта түсуде. Себебі, оған қатысу үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, білек күші мен жүректің мықтылығы, яғни батылдық қажет.
Осындай спорт түрінде ғана нағыз батырлар анықталады. Өйткені білекті де жүректі болу – нағыз ер жігіттің қасиеті деп білемін, - дейдігір спортынан Маңғыстау облыстық Федерациясының жаттықтырушысыНартайАлтыбаев.
Жарыста жеңіске жеткен батырларды біз де құттықтаймыз. Бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Жеңіске жете беріңіздер!!!
Суреттерді ұсынған Нартай Алтыбаев
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему