«КӨКТЕМ-2018» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті
14 Марта 2018 (12:56) | 2816 | Автор: Нурганым Имашева
2018 жылғы 6 наурыз күні Мұнайлы ауданында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының, басқару органдарының дайындығы» тақырыбына «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу (РКШОЖ) өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында дабылы бойынша сигналдық сирена арқылы Мұнайлы ауданының азаматтық қорғау, Мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын, басқару органдарын құлақтандыру жүргізілді, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар туындаған кезде және қауіпі төнгенде тапсырмаларды әзірлікке келтіру үшін, сондай-ақ РКШОЖ бойынша міндеттерін қою үшін аудандық шұғыл әрекет ету отрядтары қызметкерлері жиналды.
Содан кейін су тасқынына қарсы іс-шаралардың дайындығы және өткізуіне кәсіпорындар мен мекемелер, ауданның жедел ден қою жасағының жеке құрамы мен техникалары жұмылдырылып саптық байқау өткізілді.
Саптық байқаудан кейін Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округінде практикалық жаттығу барысында ТЖ залалын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, тасқын суларды апатсыз өткізу, оларды және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, №7 жалпы білім беру ғимаратында МӨСБ-2, ӨСБ-5, Ақтау қаласының Ұлттық гвардия әскери бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін түрлі арнайы қызметтерімен орындалған іс-шаралар талдауы жүргізілді.
Суреттерді түсірген Мұнайлы ауданының ТЖ бөлімі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему