Аймақта «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық  жаттығуы өтеді
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 19:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді

28 Февраля 2018 (10:15) | 2030 | Автор: Нурганым Имашева

Төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - ТЖ) алдын алу және оларды жою сондай-ақ көктемгі кезеңге азаматтық қорғау басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау бойынша іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін (бұдан әрі-АҚМЖ) одан әрі жетілдіру мақсатында 2018 жылғы 5-6 наурыз аралығында «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (бұдан әрі – оқу-жаттығу) өтеді.

 

 

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайына төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

 

 

Оқу-жаттығуға дайындалу және оны өткізу барысында:

 1) көктемгі кезеңдегі ТЖ қатері және туындаған кездегі міндеттерді мақсаты бойынша орындауға АҚМЖ-нің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режимін арттырылған әзірлік режиміне ауыстыру;

 2) көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға АҚМЖ қабылданатын шаралар мен деңгейінің тиімділігін арттыру;

3) ТЖ алдын алу және жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарының үйлескен іс-қимылы және өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру;

4) құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру, АҚМЖ барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті, болжау жұмысы мен диспетчерлік қызметті, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық қор, азық-түлік пен медициналық резервтер құру;

 5) су тасқыны жағдайының өршуін болжауды ескере отырып,  аумақтардың қауіпсіздік паспорттарына, ТЖ жою бойынша іс-қимыл жоспарларына, эвакуациялау мен өзара іс-қимыл жасау іс-шараларына нақтылау және түзетуді жүргізу;

6) ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, су тасқынына қарсы және эвакуациялау комиссияларының, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру;

7) су тасқыны, су басулар мен су жайылулар шарттарындағы іс-қимылдарға түсіндіру жұмыстарын және халықты оқытуды ұйымдастыру.

 

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему