Маңғыстауда индустрияландыру картасы аясында 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
Курс валют в Актау
на 21/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
21 Ноября, 19:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда индустрияландыру картасы аясында 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

21 Февраля 2018 (15:36) | 1597 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

 

 

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.

 

-Мұнай-газ өндіруші және сервистік компаниялардың тұрақты қызметтерінің нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі жыл басындағы 96,9%-дан 100,1%-ға дейін өсті (бұл республикадағы өндіріс көлемінің 10%-ы немесе өңірлер арасында 2-көрсеткіш, өндірілген өнім көлемі 2,3 трлн. теңге).

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 82,2%-дан 101%-ға дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 98,8%-дан 100,1%-ға дейін артты.

 

2016 жылға қарағанда 17,6% өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 3 мың бірлікке артып, 47 мыңға жетті.

 

2017 жылы Президент әкімшілігі тұңғыш рет өңірлер арасында бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісін өткізді. Рейтинг қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 12-ші орыннан 2-ші орынға шықты.

 

Ауыл шаруашылығы секторында 14 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, саланың нақты көлем индексі 108,2% құрады. Бұл республика өңірлері арасында даму қарқыны бойынша бірінші көрсеткіш.

 

Азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі жоспарланған межеде сақталды – 106,4% (РК 106,5%. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтыну баға индексі 106,7% (РК 107,4%).

 

Жыл басынан бері 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 4,9%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 5,1%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді.

 

 

2017 жылы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық (республика бойынша 3-орын).

 

Өткен жылы 7000 отбасы жаңа қоныстанушылар болды. Тұрғын үй алуға18 мың адам, жер алуға 166 мың адам кезекте тұр.

 

Жалпы алғанда барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 100% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Аймақ басшысының айтуынша, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын арнайы жобалар ерекше бақылауда. Жаңа өндірістерді орналастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.  АЭА аумағы бойынша республикада үшінші орында.

 

Инфрақұрылымды құру үшін салынған 7 млрд. теңге көлемінде бюджеттік қаражат өз тиімділігін көрсетті: 19 жоба іске асырылды, 95 млрд. теңге инвестиция тартылды, 260 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 23 млрд. теңге мөлшерде салық төленді. 1 323 жұмыс орны құрылды».

 

 

-Өткен жылы әлеуетті инвесторлармен 20-дан астам кездесу өткізілді.

 

 «Ел дағдарысқа қарсы менеджменттен орнықты дамуға көшуде. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы, Индустрияландыру бағдарламасы мен «Сандық Қазақстан», 2025 жылға дейінгі ел дамуының Стратегиялық жоспары, «100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» сияқты барлық қажетті стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды мақұлдады. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет». Бұл экономикамыз әзірге мұнай секторына тәуелді болып отырған біздің өңір үшін де маңызды.

 

Сондықтан ең маңызды міндет - өңдеу секторын дамыту. Осы бағытта  5 %-дан (2015 жыл)  8%-ға (2017 жыл) дейін өсім бар. Өсім химия өнеркәсібінде, минералды өнімдер, пластмасса және тоқыма өнімдері, тазартылған өнімдер, машина жасау және металлургия салаларында байқалады. Біз қол жеткізген бағаны төмендетпеуіміз керек.   Индустрияландыру картасы аясында облыста 45 жоба жүзеге асырылып, 395 млрд. теңге инвестицияланды.4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.Биыл 12 млрд. теңгеге 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ол 223 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Суреттерді түсірген Малика Хамракулова

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему