Жас гимнасшылар жеңіспен оралды
31 Января 2018 (23:24) | 2216 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтаулық жас гимнасшылар Алматы қаласында «Меңсұлу» көркем гимнастика мектебі ұйымдастырған «Айсұлу» VII ашық турниріне қатысып, жүлдемен оралды.
Жарысқа Ресей, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысының спортшылары қатысып, бақ сынасты.
Маңғыстаудан сайысқа Ақтау қаласындағы «RG» көркем гимнастика мектебінің 2006-2013 жылғы балғын гимнасшы қыздары қатысты.
Жарыс қорытындысында 1-орынды Орах Медина, Сәнібек Дилназ , Жұмадилла Жасмин, Марат Инкар, Молдыбай Фатима, 2-орынды Садырбай Әмина, Аманжол Ақнұр, 3-орынды Мапай Гүлназ, Байзулла Жұмагүл иемденіп, марапатталды.
-Жарыстан үздік шыққандар наурыз айында Баку қаласында өтетін І халықаралық турнирге қатысып, аймақ намысын қорғайтын болады,-дейді Ақтау қаласындағы «RG» көркем гимнастика мектебінің жаттықтырушылары Светлана Александровна мен Меруерт Баубекқызы.
Көркем гимнастика – олимпиадалық спорт түрі. Сондықтан, спортшыларға қояр талап та жоғары.
Жарысқа қатысқан қыздар күн сайынғы дамылсыз жаттығудың арқасында көркемділікке, ырғақтылық пен ептілікке қол жеткізді.
Спорттағы сұлулық дегенде, алдымен ауызға көркем гимнастика ілігеді. Ерекше киім үлгісі, әдемі жүріс, ырғақпен қозғалу. Мұның бәрі дәл осы спорт түріне тән.
Сондықтан да болар, қызының көркем гимнастикамен шұғылданғанын қалайтын ата-аналар саны аймақта да күн санап артып келеді.
Маңғыстауда көркем және эстетикалық гимнастиканың дамуына өз үлестерін қосып жүрген Ақтау қаласындағы «RG» көркем гимнастика мектебінің аға жаттықтырушы Светлана Александровна Сиденкова мен жаттықтырушы Меруерт Баубекқызы Айтбаеваның еңбегі зор.
Жарыс жеңімпаздары мен қос жаттықтырушыға: «Еңбектеріңіз жанып, биіктен көріне беріңіздер!» - демекпіз.
Пернегүл ҚАРЖАУБАЕВА, Ақтау қаласы
Суреттерді ұсынған автор
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему