Сингапурлық компания Ақтауға инвестиция салады
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сингапурлық компания Ақтауға инвестиция салады

7 Октября 2017 (15:48) | 1438 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Сингапурдан келген әлемге белгілі «Мейнхард» компаниясының өкілдерімен кездесіп, өңірдің дамуына сеп болар әріптестікке қолдау білдірді.

«Мейнхард» - әлемнің алпауыт мемлекеттерінде қанатын кеңге жайып, экономика, әлеумет, мәдениет, спорт, білім салаларына екпінді үлес қосып, дүниенің түкпір-түкпірінде зәулім ғимараттар салған, ірі жобаларға дем берген инжинирингтік компания.

Әлемде аталмыш компанияның 45 кеңсесі мен 4500 қызметкері жұмыс істейді. Ертеңгі күнге сеніммен көз тігіп, өркендеу жолына нықтап түскен Қазақстан елінің әлеуетіне қызығушылық білдірген олар енді біздің елде 46-шы кеңсесін ашуға ниетті.

Бұл ойын «Мейнхард» компаниясының басқарма төрағасы Шахзад Насим аймақ басшысына жеткізіп, кәсіпорынның тарихымен, дамуы және мүмкіндіктерімен таныстырды. Жүзеге асырған жобалары – Сингапур, Лондон, Индия, Африка және тағы басқа әлем мемлекеттерінің сәніне айналған ең биік ғимараттар, әуежайлар, сауда орындар кешендері, ескерткіштер, көпірлер, нысандарды презентация арқылы көрсетті.

-Біздің компания Қазақстанда 2 жобаны жүзеге асырды. Олар «Абу-Даби Плаза» және «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының дизайны. Компания медицина, Қорғаныс министрлігі және спорт ғимараттары және «ақылды қала» жүйесі бойынша жобаларды әзірлеуде,-деді Шахзад Насим.

Өңір басшысы компания өкілдеріне туризмді дамыту жобаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ мұнай-газ саласы мен IT-технологиялар саласындағы кадрлар даярлауға арналған оқу орталығын ашуға шақырды. Кездесу соңында әлемнің ең биік, зәулім ғимараттарын салған сингапурлық компания өкілдеріне бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтып, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

-Маңғыстау-Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен модернизациясына елеулі үлес қосып отырған өңірлердің бірі. Көмірсутек шикізатының және басқа да пайдалы қазбалардың үлкен қоры аймақтың дамуына ұзақ мерзімді перспективалар береді. Теңіздің болуы және біздің аймақтың бай мәдени, тарихи және рухани мұралары туризмді дамытуға және халықаралық сауданы дамытуға да мол мүмкіндік берері сөзсіз,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов кездесу кезінде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему