Жастар еркін пікір дискуссиялық алаңында бас қосты
13 Июля 2017 (09:32) | 2775 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін «Жастар үйінде» «Маңғыстау облысы жастарының конгресі» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен мінез-құлық факторларына қатысты, яғни темекі шегуге, алкогольды пайдалануға және артық салмақ жинауға қарсы еркін пікір дискуссиялық алаңы өткізілді.
Аталмыш шараның өтуіне «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» КММ және «Жас Отан» жастар қанаты қолдау көрсетті.
-Жастар арасында өткізіліп отырған бұл шараның басты мақсаты – жастарымызды жағымсыз мінез-құлық факторларынан, яғни ішімдік ішу, темекі шегу, жастар арасында белең алған жағымсыз құбылыс – кальян шегу және артық салмақ жинау сияқты зиянды қылықтардан сақтандыру.
Шара барысында дискуссиялық алаңда жастарға ортақ сауалдар қойылып, оларға жауап ретінде жастар өз ойларын ашық түрде жеткізді. Сонымен қатар жас өрендерге алкоголь және қорқор (кальян) мен шылымның зияны туралы ақпарат берілген брошюралар таратылды.
Зиянды әдеттерден арылуды насихаттайтын шараны ұйымдастыру ісіне облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы да қолдау көрсетті.
Жастармен дискуссиялық алаңда кездесуді таңдаған себебіміз – бұл жерде жастар өз ойларын ашық, еркін түрде жеткізеді. Қатып қалған стереотип түрінде белгілі бір лекцияны тыңдағаннан гөрі олар ашық, еркін формада өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре алады.
Шараға қатысушылардың көбісі «Жасыл ел» жасағында жұмыс істейтін жастар болғандықтан олар түсінеді, көшеге тасталған әрбір қоқыс – темекі тұқылы немесе алкогольдің бос шынысы, біріншіден қоршаған ортаны ластаса, екіншіден, қаланың тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбегін сыйламау болып табылады.
Сондықтан да жастарды зиянды әдеттерден арылуға шақыра отырып, олардың бойында қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға нөлдік төзімділікті қалыптастырып, яғни жат қылықтардан аулақ болуды насихаттауды мақсат еттік, - дейді «Маңғыстау облысы жастарының конгресі» корпоративтік қорының атқарушы директоры Шоқанов Айтжан Сәбитұлы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему