Шақыру - жалған, айыппұл - нақты!
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 23:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шақыру - жалған, айыппұл - нақты!

27 Июня 2017 (15:53) | 3190 | Автор: Нурганым Имашева

«112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің нөмірі Маңғыстау облысында 2009 жылдан бастап қызмет жасауда. Жыл сайын осы қызметке қоңырау шалулардың саны көбейіп келеді.

 

 

Бұл туралы ақпаратпен Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі бөлісті. Аталмыш қызмет басшысы Гүлнәр Ходжабекованың мәлімдеуінше, «Бір жыл ішінде Маңғыстау облысы ТЖД «112»және «101» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 100 000 астам қоңырау келіп түседі, соның ішінде 93% қоңырау «112» қызметіне қатысы жоқ болып келеді, яғни жалған қоңырау.

 

2017 жылдың 5 айы ішінде аталмыш қызметке 55 мыңнан астам қатысы жоқ ақпарат келіп түсті, яғни, олар: ұялы телефондарды тексеру, балалардың ойыны, анықтамалық ақпаратты сұрау сонымен қатар жалған сипаттағы хабарламалар да жоқ емес».

 

 

-Есіңізде болсын, жалған шақырулар заңмен жазаланады! Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 438 бабына сай, арнайы қызметтерді жалған шақыру әрекеті үшін әкімшілік айыппұл көзделген.

 

Ал терроризм акті дайындалып жатқандығы туралы жалған ақпарат бергені үшін – ҚР Қылмыстық Кодексінің 273 бабына сай алты жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. О үшін жауаптылық 2014 жылдың 3 шілдесіндегі №226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Терроризм акті бойынша жалған ақпарат» деп аталатын тарауымен көзделген.

               

Естеріңізде сақтаңыздар, «112»  қызметіне ойнап шалынған қоңырау біреуге материалдық мүлікті, денсаулықты, ең басты құндылық - адам өмірін жоғалтуға әкеліп соқтырады, - депескертеді облыс тұрғындарын Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандары.

 

 

-2017 жылдың 5 айында тұрғындардан «112» -ге келіп түскен өңделген қоңыраулар саны 46195-ті құрады, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша – 150

-  «101» - 10;

- «102» - 326;

- «103» - 312;

- ақпараттық – анықтама сипаттамасында (профильді емес)-7791;

- өзге де (бұл қызметке қатысты емес, анонимді, ойын түріндегі) – 37606.

 

Тәулікте орташа есеппен 310 қоңырау «112» шұғыл номеріне келіп түседі.

2017 жылдың 5 айында тұрғындардан «101» -ге келіп түскен өңделген қоңыраулар саны- 12323, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша – 809;

- «112» - 70;

- «102» - 643;

-  «103» - 1148;

- ақпараттық – анықтама сипаттамасында (профильді емес) - 3428;

- басқа да (бұл қызметке қатысты емес, анонимді, ойын түріндегі) – 6225.

Оның ішінде жалған шақыру – 10

 

Тәулікте орташа есеппен «101» шұғыл нөміріне 82 қоңырау келіп түседі.

2017 жылдың 5 айында тұрғындардан «112» және «101»-ге келіп түскен өңделген қоңыраулар саны  - 58518, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша –220;

-  «101» - 819;

- «102» - 969;

-  «103» - 11219;

- ақпараттық – анықтама сипатында (профильді емес)-11219;

- өзге де (бұл қызметке қатысты емес, анонимді, ойын түріндегі)– 43831.

Оның ішінде жалған шақырту – 10

 

Тәулікте орташа есеппен «112» және «101» шұғыл нөміріне 390 қоңырау келеді,- дейді Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Ходжабекова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему