Зияткерлік мектеп алғашқы түлектерін ұшырды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Зияткерлік мектеп алғашқы түлектерін ұшырды

29 Мая 2017 (10:48) | 3131 | Автор: Мира Ботабекова

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 619  оқушыға соңғы қоңырау сыңғырлады. Ол білім ордасынан  алғашқы рет ұшып шыққан 87 түлекке арналды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

 

 

Мерекелік жиында сөз алған облыс әкімі  барлық оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жаңа заман талаптарына сай білім алып жатқан көшбасшылар мектебінің оқушыларына жылы лебізін білдірді.

 

Білім ордасын биыл 5 сынып (2-орыс, 3-қазақ тілді сынып) бітірді. Мектеппен қоштасқан 87 түлектің 14-і алтын белгіге, 4-еуі үздік аттестатқа үмітті. 12 сынып оқушылары таңдау пәндері бойынша сыртқы жиынтық бағалау емтихандарын, ағылшын тілі деңгейін анықтайтын халықаралық ІELTS емтиханын тапсырды.

 

Түлектеріміздің оқу жылында жеткен жетістіктері де аз емес. 12-сынып оқушылары Томирис Сағынбай, Сәттіғали Жолдасбай, Азиза Албетова - Гонконг Политехникалық университетінің (The Hong Kong Polytechnic University) білім грантына, Мадина  Турмаганбетова Zhejiang sci-tech university, Таңшолпан Темирханова Jiangnan University  университеттерінің грантына ие болды. Ал, 12-сынып оқушысы Жансая Маратқызы  Almaty Management University университетінің  грант иегері атанды. 12 оқушы Назарбаев Университетінің іріктеу кезеңінен өтті.  

 

 

Соңғы қоңырау салтанатында мектеп директоры Ермек Пайзов  жас түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, әр зияткер түлек Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 елдің деңгейіне көтерілуіне жан-жақты ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

 

Салтанатты шара барысында  «Жыл оқушылары» да марапаттатталды.  Мектеп ұжымы және өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен ұйымдастырылған «Жыл оқушысы» байқауы 8 номинация бойынша өтті. «Жыл оқушысы» номинациясын республикалық олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы, Гонконг Политехникалық университетінің  грант иегері жас түлек Сағынбай Томирис иеленсе, «Жыл жетістігі» номинациясына Физика пәнінен желілік олимпиадада ІІІ орын иегері  Асқар Галамаддин лайық деп танылды. «Жас ғалым» оқушылар ұйымының алғашқы Президенті, республикалық робототехника олимпиадасының жеңімпазы, жас түлек Есет Сидешев атанды.

 

«Жыл активисі» номниациясы мектеп өміріндегі жобалар мен акциялардың ұйымдастырушысы, өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Айя Сартбаеваға, «Жыл старостасы» номинациясы «Астана» шаңырағының көшбасшылығына елеулі үлес қосқан көшбасшы Әлия Орасайға, «Жыл корреспонденті» номинациясы мектепте шығарылатын "Жас Толқын" журналының бильд-редакторы, тұрақты тілшісі Аңсаған Галаладинге табысталды.

 

«Жыл спортшысы» номинациясымен үстел теннисінен облыстық жарыс жеңімпазы Ақберген Абыз,  «Жас талант» - номинациясымен республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының  жеңімпазы, мектепте сахналанған Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымының басты рөлін сомдаған   Жұмасат Шұғылаға, «Жыл жасампазы»  номинациясымен республикалық  ЮНЕСКО ұйымдастырған республикалық «Балалар әлемді бейнелейді» байқауының дипломанты Диана Ақуал марапатталды. Аталған номинацияларды облыстағы белсенді ел азаматтары табыстады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему