Денсаулық пойызды Ералиево станциясына келді
18 Мая 2017 (17:20) | 1985 | Автор: Нурганым Имашева
«Денсаулық» пойызы 2017 жылдың 20 сәуірінен бастап Маңғыстау облысының аумағын аралауда. Кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін «Денсаулық» пойызы баратын теміржол бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.
2017 жылдың 20 сәуірі мен 07 мамыры аралығында «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай Өтес, 10 разъезд, Шетпе бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
Барлығы, дәрігерлерге көрінгендер - 2990 адам, барлық келгендер саны - 12609 адам, оның ішіндегі балалардың саны - 2124.
Барлығы УЗИ-дан -1555 адам өтсе, оның ішінде балалар - 106; гинекологқа қаралғандар саны - 958, оның ішінде балалар саны - 8; терапевтке көрінгендер-1224 адам, спирографиядан өткендер - 17; невропотологқа қаралғандар -1442 адам, оның ішінде балалар -429; УЗДГ (ЭЭГ) -78, ЭХО-ЭГ (РЭГ)-1020; кардиолог-952, оның ішінде балалар саны - 35, ЭКГден – 952 адам өтсе; окулистке -1059 адам қаралыпты, оның ішінде балалардың саны - 229, ВГД -233, лор -857, оның ішінде балалар- 330; рентгеннен – 452 адам өтсе, оның ішінде балалар саны -63-ті құрайды; хирургке -521 адам қаралса, оның ішінде -178 - і балалар, операция жасалғандар саны-71; онкологқа көрінгендер -65, оның ішінде 4-уі балалар; эндоскопиядан -164 адам өтсе; стоматологқа – 478 адам жүгінген, оның ішінде балалар саны - 133, тіс жұлдыртуға – 190 адам барған; лаборатория -2109 адамға қызмет көрсеткен, оның ішінде 609-ы балалар.
Тұрыш бекеті бойынша дәрігерлерге барлығы көрінгендер саны-259 адам, барлығы келгендері - 1167 адам; Сам елді мекені бойынша барлығы көрінгендер-175 адам, барлығы келгендері-745 адам; Бейнеу бойынша барлығы көрінгендер-833 адам, барлығы келгендері -3385 адам; Ақжігіт кенті бойынша барлығы көрінгендері - 523 адам, барлығы келгендері -1792 адам; Үстірт бойыншабарлығы келгендері-327 адам, барлығы келгендері - 1435 адам, Сай Өтес станциясы бойынша барлығы дәрігерлерге көрінгендер саны-375 адам, барлығы келгендері - 1756 адам; 10-шы разъезд бойынша мамандарға көрінгендер-87 адам, барлығы келгендер саны - 530 адам; Шетпе кенті бойынша барлығы дәрігерлерге көрінгендер - 411 адам, барлығы келгендер-1799 адам.
2017 жылдың 07 мамырында «Денсаулық» пойызы Маңғыстау облысының Каракия ауданы Ералиево станциясына келді.
Пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті медициналық кадрлары, атап айтқанда 18-ден астам дәрігер-мамандары қызмет көрсетеді.
Елімізді аралап жүрген медициналық пойыздар интернет және телефон жүйесінің бөлінген арналары бар, республикамыздың және ТМД жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен on-line режимінде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.
Өрт сөндіру қызметі поездың және бекеттердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Бұл мәліметтерді біздің басылым сайтына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі жолдады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему