«Денсаулық» поезы өз жұмысын Тұрыш бекетінен бастады
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 07:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Денсаулық» поезы өз жұмысын Тұрыш бекетінен бастады

24 Апреля 2017 (15:43) | 2385 | Автор: Нурганым Имашева


 

2017 жылдың 20 сәуірінде ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ-ның «Денсаулық» поезы Маңғыстау облысы Тұрыш бекетіне келді.

  ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ «Денсаулық» поезы Маңғыстау облысының барлық аумағынан өтеді, сапарын 2017 жылдың 20 сәуірінен бастады.

Медициналық маршрутын Бейнеу ауданы Тұрыш бекетінен бастады.   Келісілген кесте бойынша мамырдың ортасына дейін «Денсаулық» поезы жүріп өтетін теміржол бойындағы 15 елді мекенді  қамтиды.

  «Денсаулық» поезының жұмыс мақсаты – шағын елді мекендерге және алыс аумақтағы ауыл тұрғындарына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету.  

     Пойыздар барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның 18-ден астам дәрігерлік мамандық бойынша білім алған жоғары білікті медициналық кадрлармен жабдықталған.

Медициналық пойыздар интернет және телефон жүйесінің бөлінген каналдары бар, республикамыздың және ТМД мемлекеттерінің жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен on-line режимінде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.

         Бұл жағымды жаңалықпен Маңғыстау облысының Төтенще жағдайлар Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова бөлісті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему