Маңғыстаулық ғалым латын әліпбиінің ең оңай үлгісін ұсынды
Курс валют в Актау
на 24/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
24 Ноября, 15:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық ғалым латын әліпбиінің ең оңай үлгісін ұсынды

18 Апреля 2017 (21:32) | 3934 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Латын әліпбиінің ең оңай үлгісі ұсынылды. Маңғыстаулық бір топ ғалым барлық адамзат түсінетін әліпбиді көрсетіп отыр. Бұл туралы «қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабаралйды. Айта кетейік, Елбасының тапсырмасымен Латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу басталмақ. Осы жылдың аяғына дейін жобалар қарастырылып, ортақ үлгі қабылданады. Солардың ішінде ең оңтайлысы қазақ жазуының іргетасы болып қаланады.

Қазақ жазуы үлкен реформа алдында тұр. Латын әліпбиіне көшіп, тарихтың жаңа парақтары ашылмақ. Қазақ халқы батыс және түркі әлеміне жақындай түседі. Ендігі мәселе - латын графикасына қалай өтеміз? Қазірдің өзінде жүзден астам жоба бар. Қазақстанның түкпір-түкпірінен Алматыдағы Тіл білімі институтына өз үлгілерін ұсынушы көп.

Анар Мұратқызы - тіл білімі институты директорының орынбасары:

-Бізге түсіп жатқан ұсыныс көп. Олардың ішінде ғалымдар да бар, зейнеткерлер де бар. Бірақ, соңғы шешімді мамандар қабылдайды.

Латын әліпбиіне әлдеқашан көшіп үлгерген түркі халықтарында үш түрлі үлгі бар. Олар: диакритикалық үлгі, апостроф арқылы таңбалау және қосарлы әріптермен белгілеу. Алайда, ғалымдардың пікірінше, бұлардың қазақ тіліне келіспейтін тұстары да бар. Мәселен, диакритикалық және Апостроф арқылы таңбалауда қос нүкте, үтір, сызықша көп. Жазуға кедергі келтіреді. Ал, қосарлы әріптермен таңбалау кезінде жазу шұбалаңқы болады. Бұл - өз кезегінде экономикалық жағынан тиімсіз.

Сондықтан, осы мәселені он жылдан бері зерттеп жүрген Маңғыстаулық Қуантқан Ыбанов ең оңай жолды ұсынып отыр. Ол - жүзжылдық тарихы бар халықаралық фонетикалық әліпбиден дайын әріптерді алу. Ортақ графикада әлемнің бүкіл дыбыстары бар көрінеді.

Қуантқан Ыбанов – зерттеуші:

-Мен ұсынған әліпбиде жазуға ыңғайлы. Себебі, диакритика да жоқ, қосар әріп те жоқ. Бірақ әріптің саны 32. Соған мен басқа таңбаларды пайдаландым. Және оның ерекшелігі бұл таңбалар - бүкіл дүниежүзіне ортақ таңба.

Қазір әлемнің 51 елі латын графикасын қолданады. Алдағы уақытта латыншаға ауысуды көздеген мемлекет көп. Латын әліпбиі жаңа заманауи технологияның да тілі. Өндіріс, ғылым, инжинерия, IT-технология Латын әліпбиімен таңбаланады. Ендігі мәселе, экномикалық, рухани, тілбілімдік жағынан қазаққа тиімді үлгісін қалыптастыру болып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Zhanabek, 6 Мая 2017 (13:11)
2 0
Ыбанов қыртты,ол тіпті латын әліпбиі емес. Таза латын әліпбиін (26 әріп) алу керек. Қаражатты ҮНЕМДЕТЕДІ
zh-ж, sh-ш, gh-ғ, kh-х, ng-ң, j-й, w- у
oe-ө, ae-ә, ue-ү, y-ы
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему