Жол апаты азаяр емес
14 Марта 2017 (20:33) | 2186 | Автор: Мира Ботабекова
Өткен күні Жаңаөзеннен Ақтау қаласына шығар жолда жол апаты болды. Lexus 570 маркалы көлігі мен Geely машинасы соқтығысқан. Екі көліктің жүргізушісі де ауыр жарақат алған. Бұл туралы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы хабарлады.
Олар дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Қос көлік те қатты соққының салдарынан қайта қалпына келмейтін жағдайда. Қазір құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтауда.
Бұл күні Ақтау қаласындағы 1-ші шағын ауданда да жол апаты тіркелді. Оқиғаға жалғыз жүргізуші кінәлі. Куәгерлердің айтуынша, Lexusтың иесі жол бойындағы жиектасқа шығып кетіп, аударылған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему