Түпқараған ауданының ТЖ бөлімі Форт-Шевченко қаласында құтқару техникаларының көрінісін өткізді
3 Марта 2017 (15:09) | 2259 | Автор: Нурганым Имашева
Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай 2 наурыз күні Форт-Шевченко қаласының орталық алаңында Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты мемлекеттік және мемлекеттік емес өрттен қорғау қызметтерінің өрт сөндіру және құтқару техникаларының көрінісі өткізілді.
Көріністі 5-11 сынып аралығындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы, М.Горький атындағы мектеп-гимназиясы және Форт-Шевченко қаласының мектеп-лицейінің 100-ден аса мектеп оқушылары тамашалады.
Шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Әлжанов мектеп оқушыларын құтқару құрал-жабдықтарымен және өрт-техникаларымен кеңінен таныстыра отырып, биылғы мектеп бітіруші түлектерді ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақырды. Түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
-Өткізілген шараға 3 өрт сөндіру техникасы, 1 жедел-жәрдем автокөлігі, 1 Газель құтқару көлігі, 1 автосаты (АГП), 1 мотопомпа және 50-ден аса құтқару құрал-жабдықтарымен 16 қызметкер қатыстырылды, - деді Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Нұрқожа Әлжанов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему