Пилоттық жобаны іске асыру мәселесі бойынша басқосты
28 Февраля 2017 (11:13) | 1914 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының №2 сотында жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталмыш ереже Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасымен 2017 жылдың 26 қаңтарында бекітілген болатын.
Азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға Ақтау қаласы №2 сотының судьялары, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Т.Бекболатов, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» қоғамдық ұйымының өкілі А.Байбатырова, «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі И.Ешмуратов, Ақтау қаласының нотариустері Н.А.Жалғасов, А.О.Есентурлиева, А.А.Шарифиев, Маңғыстау облысы бойынша кәсіби медиаторлар жетекшісі Ә.Кемаладинова, кәсіби медиатор Т.А.Кашқынбаев, «НурикеСанРем» ПИК-нің төрағасы Н.Х.Жуматов және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның өкілі А.Акшина қатысты.
Шарада баяндама жасаған судья Б.Байғожаев қатысушыларға аталған жобаның маңыздылығын атап өтті.
-Бастау алған пилоттық жобаның мақсаты - даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот істері бойынша енгізу.
Аталған жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың дауларды (жанжалдарды) соттан тыс реттеу мүдделігін анықтау,- деп мәлімдедісудья Б.Байғожаев.
Жоба бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттары келесідей:
- баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы);
-
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары;
-
Мұрагерлік;
-
Көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы;
- Пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша;
-
Некені бұзу және мүлікті бөлу туралы;
- Қарыз келісімшарттары бойынша;
-
Сақтандыру.
Судья Б.Б.Байғожаев шараға қатысушыларға аталған жобаның тек судьяларға ғана жүктелмегенін, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығының атсалысуымен атқарылатын жұмыс екенін жеткізді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему