Ақтауда «Интеллект – 2014» атты зияткерлік сайыс өтті
Курс валют в Актау
на 10/01/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
10 Января, 23:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Интеллект – 2014» атты зияткерлік сайыс өтті

21 Мая 2014 (04:10) | 5977 | Автор: Редакция

 

«Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен, студенттердің ой біліктіліктерін арттыру мақсатында «Интеллект-2014» атаумен зияткерлік сайысы өткізілді»,-деп хабарлайды қалалық жастар саясаты орталығының баспасөз қызметі.

 

«Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы үшін, білімді жастарды анықтау мақсатында зияткерлік сайысын ұйымдастыру жылдық дәстүрге айналған. Бұл додаға облыс орталығындағы барлық жоғары, техникалық және арнайы оқу орындары студенттері қатысуда және сайыс кезең бойынша жыл бойына жалғасын тауып, яғни ашық чемпионат түрінде жалғасады. Бұл біздің сайысымыздың басты ерекшелігі.

 

Студент жастардың тарихи, мәдени және рухани дүниетанымдарын кеңейте отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, тез ойлауға, шапшаң шешім қабылдауға бейімдеу және білімге деген қызығушылығын арттыру-сайыстың басты міндеттері.

 

 

Зияткерлік сайыстың мақсаты: білімді де білікті жастарды қолдау, студент жастардың зияткерлігін зерделеп, біліктілігін шыңдау және олардың арасында командалық рухты қалыптастыра отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту»,-дейді қалалық жастар саясаты орталығының мамандары.

 

Ашық чемпионат түрінде жалғасын тапқан бұл зияткерлік байқаудың ¼ ширек финалында студенттер арасынан (10 топ) қатысқан болатын, ойын соңында аз ұпаймен Қазақстан қазіргі заман «Болашақ» академиясы колледжінен «Ұлағат» тобы, Шет тілдер колледжінен «АКИЯ» тобы және М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар колледжінен қатысқан «Алаш» тобы келесі жартылай финалға өте алмады.

 

Ойын барысында студент жастарға саяси сұрақтар, тарих, жағрафия, әдебиет саласы бойынша және ой сергітерлік логикалық сұрақтар қойылды, сонымен қатар сайыс арасында қызықты сұрақтармен бірге жастарды одан әрі ынталандыру мақсатында еліктірер сыйлықтар табысталды. Қатысушылардың белсенділігін қазылар алқасы баллдық жүйемен бағалады. Ойын соңында жартылай финалға жоғары ұпаймен 7 топ жолдама алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему