Ақтауда үшем өмірге келді!
Курс валют в Актау
на 28/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Ноября, 14:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда үшем өмірге келді!

27 Января 2017 (15:18) | 2374 | Автор: Нурганым Имашева

 

Тауық жылы маңғыстаулық Тұяқбаевтар отбасы үшін үлкен қуанышпен басталды. Қаңтар айының екінші аптасында Маңғыстау ауданы Шетпе кентінің тұрғындары Жансерік пен Ақмаралдың отбасы бір ұл, екі қызбен толықты. Жас ана мен үшемді облыстық перинаталдық орталықтан шығарып алу рәсіміне отағасы мен ағайындары арнайы келді.

         -Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Үшемді өмірге әкелемін деп күткен жоқпын. Өйткені жүктілік кезінде тексерілгенде дәрігерлер егіз деп айтқан болатын.

Аман-есен қол-аяғымды бауырыма алуыма септігін тигізген алдымен Жаратқан иеме, барлық ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Жолдасым жақтан дүниеге келген егіздер бар, алайда үшем болмағандықтан расында да мұндай жаңалықты күткен жоқпыз.

Енді балаларымызды иман жолымен тәрбиелеп, адал сүт емген ұрпақ етіп өсіретін боламыз. Маған балаларымды қарасуға енем, абысындарым көмектеседі деп сенемін. Жолдасым-мұнай саласының маманы, өзім-гимназияда жұмыс жасадым. Бес бөлмелі үйіміз бар, - дейді 34 жастағы Ақмарал Жалжанова.

         Он екі жыл отасқан отбасында бұған дейін төрт ұл дүниеге келген. Ең үлкені 5-сыныптың оқушысы. Ал, шаңыраққа үлкен қуаныш сыйлаған кішкентай сәбилердің есімдерін енді ата-анасы мен бауырлары Нұрислам, Медина, Адина деп атамақшы.

         -Биылғы жылы біздің орталықта бірінші үшем өмірге келіп отыр. Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Әйел төрт рет УЗИ тексерісінен өтсе де, дәрігерлер егіз деп диагноз қойған. Біздің орталыққа жүкті әйел Шетпеден келді. Қан қысымы 180/100-ге дейін көтеріліп, қауіпті жағдай болды. Сол себептен оған ота жасалды. Ота барысында үшінші баланың бар екені анықталды. Қазіргі таңда үшемнің анасының да, сәбилердің де денсаулықтары жақсы. Сәбилердің салмақтары 2 келі 480 грамм, 2 келі 220 грамм, 1 келі 950 грамм. Үшемдер екі аптадай уақыт дәрігерлердің бақылауында болып, салмақ жинақтап, тексеруден өтті. Бүгін анасы мен үшемдерді отбасына шығарып салып жатырмыз. Жалпы жыл басынан бері орталықта 400-ге жуық бала дүние есігін ашты, - дейді облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жапырақ Епенова.

         Дәрігерлерінің айтуынша, өткен жылы өңірде 20 мың сәби өмірге келген. Оның 7650-і облыстық перинаталдық орталықта дүниеге есігін ашқан.Үшеуі үшем мен 78-і егіздер.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему