Жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған
23 Января 2017 (14:03) | 1734 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қалалық сотында сотталушы Т-ға қатысты Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4 бөлігімен сот үкімі шығарылды.
Басты сот талқылауында сотталушы Т. Маңғыстау облысы ІІД-нің қызметкерлерімен «Өрмекші» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерде аса ірі мөлшерде «марихуана» есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін ұсталғаны анықталды.
Сот сараптамасының қорытындысы бойынша сотталушыдан жалпы салмағы 4 кг 888,24 грамм кептірілген марихуана тәркіленген.
Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4 бөлігінде көрсетілген, аса ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау және сақтау деген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему