«Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында Үздік бейнеролик жасау байқауы ұйымдастырылды
15 Декабря 2016 (17:23) | 2752 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылған жобаның аясында жастар арасында «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында Үздік бейнеролик жасау байқауы өтті.
«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова:
-Байқау шарттарына сай жолданған бейнероликтер қатарында 5 қатысушыдан жұмыс келіп түсті.
Қатысушылардың жұмыстары арнайы құрылған комиссияның отырысында қаралып, қорытындысы шығарылды.
Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облыстық Департаменті қызметкері Жұмабай Ербол, Қазақстан-Ақтау телеарнасының редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Гүлнұр Жадрина және «НұрОтан» партиясының партиялық бақылау инспекторы Марал Сарсенова болды.
Комиссияның шешімі бойынша, Жаңабаев Қуанышбектің «Мен жемқорлыққа - жоқ деймін!» тақырыбындағы бейнеролигі жеңімпаз деп танылды, бас жүлдеге ие болды.
Жеңімпаз «Мемлекеттік қызметші болу - мақтанышым» тақырыбымен өткен еңбек ардагерлерімен кездесу соңында байқаудағы жеңісі үшін ұйымдастырушылар тарапынан ноутбукпен және дипломмен марапатталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему