Маңғыстау облысының жоғары сынып оқушылары үздік эссе жазудан сайысты
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 02:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының жоғары сынып оқушылары үздік эссе жазудан сайысты

15 Декабря 2016 (17:20) | 2136 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық және қоғам», «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыптарында Маңғыстау облысының жоғары сынып оқушылары арасында үздік эссе байқауы жарияланған болатын.

-Аталмыш байқау – Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылған жобаның аясында ұйымдастырылған болатын.

         Жоба аясында жоғары сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Үздік эссе» байқауына Маңғыстау облысының барлық мектептерінен 36 жұмыс келіп түсті.

Жұмыстардың қорытындысын шығару бойынша арнайы комиссия  құрылды. Комиссия құрамында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Есберген Іңірбайұлы, Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Асемхан Тұрақбаева және Үміт Шарипова болды.

Оқушылардың жұмыстары арнайы критерийлер бойынша бағаланды,- дейді Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова.

«Үздік Эссе» жеңімпазы  - І - орын иегері болып Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп 10 «а» сынып оқушысы Базарбаева Сәнімай Ахметқызы танылса, ІІ - орынға Түпқараған ауданы, «Шахта» орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Жеңісова Күмісай лайық деп танылып, ІІІ - орынды М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының  10 «а»  сынып оқушысы Мақсатова Ақнұр иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға «Алғыс хаттар» табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему