Маңғыстау облысының өртсөндіру қызметінің басшысы аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады
Курс валют в Актау
на 21/09/2020
 
419.35
423.74
 
497.07
502.41
 
5.49
5.73
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
21 Сентября, 09:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының өртсөндіру қызметінің басшысы аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады

2 Декабря 2016 (14:16) | 1163 | Автор: Нурганым Имашева

 

Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін төтенше жағдайлар органдары құрылымдары мықты дамыды және нақты жүйеге айналды, соның арқасында табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Жыл сайын облыстық жергілікті бюджеттен материалды-техникалық базасын нығайтуға, облыстық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерін инновациялық техникалық қайта жарақтандыру, жаңа арнайы техника мен өрт сөндіру жабдықтарын алуға бөлінетін ақшалай қаражат көлемі артуда.

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Әмірұлы Мауленов мәлімдеді. Еліміз үшін маңызы зор мереке - 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында басшы өз ойларымен бөлісіп, облыс тұрғындарын құттықтады.

            -Бұл мереке ең алдымен көп қырлылығымен ерекшеленеді. Біріншіден, Тұңғыш Президент күні – бұл тәуелсіз Қазақстанның барлық халқының тұңғыш сайлау күні. Бұл күні, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан үшін шешуші уақыт болды, Қазақстанның Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланған алғашқы сайлау жүргізілді.

Бұл жеңіс (сайлаушылардың дауысының 98,78 пайызы) жоғары сенімділік пен Қазақстан халқының жауапты таңдауы екендігін дәлелдеді. Бұл елбасы лауазымының даңқын көрсетуші – жаңа саяси жүйенің негізгі ұстанымы болды. Сондықтан дәл осы 1 желтоқсан мәңгілікке біздің еліміздің тарихына айналатыны сөзсіз, сондықтан біз бұл мерекені Тұңғыш Президент күні ретінде тойлаймыз, - деп атап өтті Ерлан Мәуленов.

  Оның айтуынша, «Тәуелсіз алған алғашқы жылдардағы мемлекетіміздің ең маңызды оқиғалардың бірі ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуі болып табылады. Ескі ақшаларды қазақстандық теңгеге ауыстыру 1993 жылы 15 қараша сағат 08:00-де басталды да 20 қараша сағат 20:00 де аяқталды.

  Еліміздің экономикалық мәселелерін шешу барысында, Ұлт көшбасшысы қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімнің болуына үнемі көңіл аударады, осы ретте Тұңғыш Президент күнін барлық қазақстандықтардың бірлігі және толеранттылық күні деп те атауға болады. Ұлттық бірлік пен ұлтаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінде «Көптүрлілік арқылы - бірлікке» ұлттар мен ұлыстарды ұйыстыру қағидасы қалыптасқан».

  Ерлан Әмірұлының баяндауынша, «1997 жылдың қазанында Президент Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын жариялады. Еліміз ұзақ көздеген мақсатына және еліміздің берік дамушы экономикасын қалыптастыруда даму көздеріне жетуге бет бұрды, бұл тұрақты бағдарламалардың нәтижесі және баға мен ішкі сауданы ырықтандыру болған еді.

Астананың құрылысы мен гүлденуі; әлеуметтік реформаларды жетілдіру; көлік жолдарын салу және қалыпқа келтіру; Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру; Қазақстан, Ресей, Белорусия Кеден Одағын құру – осының бәрі Тәуелсіздігіміздің жемісі».

-Қазіргі таңда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде» жалпы саны 646 қызметкерді құрайтын 12 өрт сөндіру бөлімдері бар.

 Жыл сайын облыстық жергілікті бюджеттен материалды-техникалық базасын нығайтуға, облыстық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерін инновациялық техникалық қайта жарақтандыру, жаңа арнайы техника мен өрт сөндіру жабдықтарын алуға ақшалай қаражат көлемі артуда.

            Біздің қызмет үшін ең маңызды артықшылық - халықтың тыныштығы мен амандығын және нысандардың қауіпсіздігін, облысымыздың табиғи байлықтарын сенімді қорғау болып табылады.

Барша облыс тұрғындарын еліміз үшін мәртебесі зор мерекемен құттықтаймын. Әр шаңыраққа - шаттық, елімізге - береке-бірлік, молшылық, тыныштық тілеймін!- деді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Әмірұлы Мауленов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему