Дағыстандық шекарашылар «Достық үйіне» қонаққа келді
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 23:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дағыстандық шекарашылар «Достық үйіне» қонаққа келді

22 Ноября 2016 (14:52) | 2310 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Достық үйіне» Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің Дағыстан Республикасы бойынша шекара департаментінің делегациясы қонаққа келді. Ақтауға іс-сапармен жолы түскен шекарашылар Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы естіп, арнайы келген. 20 шекарашы мен қызметі жоғары 10 шақты генерал-лейтенанттарды «Қоғамдық Келісім» КММ ұйымы мен этномәдени бірлестік өкілдері қарсы алды.

 

Алдымен қазақтың ұлтық сусыны шұбат пен бауырсақтан дәм татқан қонақтар «Достық үйіне» саяхаттады. Саяхатты ғимараттың ең көрікті жері мұражайдан бастады. 21 этностың ұлттық құндылықтарына толы мұражайға тамсанған олар Қазақстан халқы Ассамблеясын мақтады. Сондай-ақ, олар Ассамблея туралы бейнероликті тамашалады. Қонақтарға кішігірім концерт те қойылды. Концерт барысында этномәдени бірлестік өкілдеріне сөз берілді. «Алан» Осетин диаспорасының төрайымы –  Фатима Биркле мен Армян бірлестігінің төрағасы – Айрапет Курдоглян қазақ халқы мен Ассамблея тарихына тоқталып, Қазақстан әр түрлі этностардан құралса да тату-тәтті, бірлік пен бейбітшілікте өмір сүріп жатқанын айтты.

 

Сонымен қатар, «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова шекарашы қызметкерлердің «Достық үйіне» келгендеріне қуанышты екенін жеткізді. «Біздің есігіміз сіздерге қашанда ашық», - деп мекеме басшысы Ассамблея атынан Маңғыстау облысының тарихы туралы жазылған кітапты естелікке сыйлады. Қонақтар да құр алақан келмепті. Ассамблея мұражайына естелікке кәдесый қалдырды. Генерал-лейтенант Игорь Николаевич Шмоткин барлығын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақстанның одан әрі өркендеп дамуына тілекші екенін білдірді. Қонақтар ұйым қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдеріне қонақжайлылығы үшін алғыстарын жеткізіп, қош айтысты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему