Мұнайшыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндірді
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайшыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндірді

14 Ноября 2016 (16:55) | 1687 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы кездесу өңірдегі ірі өндіріс ошағы-«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мекемесінде өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Х. Нұрғалиева, халық қалаулысы А. Кетебаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан М. Ақмұрзаева қатысып, жаңа жүйенің артықшылықтарын айтып берді.

            - Әлемдегі көп елдерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәжірибесі енгізілген. Бұл жүйенің артықшылықтары да көп екендігі дәлелденді. Жүйені енгізген елдерде медицина саласы қазіргі уақытта өте жоғары деңгейде дамыды, халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы жоғары-80-85 жасқа дейін деп тіркелген.

Сондықтан да біздің елімізде де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстары Елбасының тапсырмасымен қолға алынған болатын.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігінің басты қағидасы - денсаулық сақтауға мемлекет пен жұмыс берушілер секілді, әр азаматтың өзінің де жауапкершілігі болып отыр.

 Бір ғана мысал - егер мен 26 шағынауданда тұрсам, сол жердегі аурухана, емханаға барып, қарала аламын. Мені 7 шағынаудандағы аурухана қабылдамайды.

Ал, жаңа жүйе арқылы медициналық орталықты Сіз өзіңіз таңдайсыз. Сол себептен де жаңа жүйе - медициналық мекемелер арасында бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Әр мекеме медициналық көмекті жоғары деңгейде көрсетуге ұмтылады, - деді «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Х. Нұрғалиева.

 

 

Мемлекет кепілдік берілген көлемімен азаматтарға тегін медициналық көмек көрсету бойынша қамсыздандыруын әрі қарай жалғастыра береді. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

 2020 жылға дейін сақтандырылмаған азаматтарға кепілдік берілген көлемімен тегін медициналық көмек көрсету аясында амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етілген амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

- МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

 Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МӘМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады, - дейді жаңа жүйе жайында түсіндірген М. Ақмұрзаева.

2017 жылдың 1 жартыжылдығынан бастап мемлекет, жұмыс берушілер, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуді бастайды.

Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады.

 Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады. Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%-дық мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

- Қазақстанда қолданыстағы тәжірибеге сай ӘМСҚ-ға түсетін жарналарды бақылау ісін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне жүктеу ұсынылады.

МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсіп, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады.

Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді, - дейді М. Ақмұрзаева.

Денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйені түсіндіру жұмыстары қараша-желтоқсан айларында Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Бейнеу аудандарын түгелдей қамтиды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему