Облыс прокурорының кубогын - «Алтынқұрық» ЖШС иеленді
1 Ноября 2016 (20:37) | 2403 | Автор: Нурганым Имашева
Фото автора
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысы прокурорының волейболдан кубогы сарапқа салынды.
Спорттық додаға Бейнеу, Маңғыстау ауданы, облыстық Әділет департаменті, облыстық прокуратура, «Алтынқұрық» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ командасынан құралған 6 топ қатысып, бақтарын сынады.
Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлiктi талап ететін жарыста барлық командалар жеңіс тұғырынан көріну үшін әдемі ойын үлгісін көрсетті.
Екі күнге жалғасқан жарыстың қорытындысында бірінші орынды «Алтынқұрық» ЖШС-нің командасы жеңіп алып, Кубоктың иесі атанды.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Сондықтан да біздің ұжым облыс көлемінде ұйымдастырылатын барлық спорттық жарыстарға белсенді қатысады.
Бұл жарысқа біз екінші жыл қатарынан қатысып отырмыз. Биыл жеңімпаз атанып, Кубокты иеленгенімізге өте қуаныштымыз.
Барлық тұрғындарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Елімізде әрдайым тыныштық орнап, ауызбіршілікте еңбек етейік, - дейді «Алтынқұрық» ЖШС-ның команда мүшесі Құралбай Көшекбаев.
Екінші және үшінші орындарды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен облыстық прокуратура ұжымы өзара бөлісті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему