Ерлік, айбын, даңқ туралы
18 Октября 2016 (18:48) | 2593 | Автор: Нурганым Имашева
«Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына және Құтқарушылар күніне арналған № 7 орта білім беру мектебінің 3 «б» сыныбының 36 оқушысына экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында балғындарға өрт сөндіруші мен құтқарушының ерлік кәсібінің құпиясы ашылған болатын», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Кездесу кезінде балалармен «Өрт кезіндегі дұрыс әрекет. Өрт қауіпсіздігі ержелері» тақырыбында алдын-алу сұхбаты жүргзілді. Өрт сөндірушілерді кәсіби даярлау мектебінің оқытушысы Жанна Нурбергенова балаларға өрттің – әрқашан бақытсыздыққа әкелетінін, «тілсіз жаудың» ақырғы мүмкін болатын зардаптары туралы және осы бақытсыздыққа душар болмас үшін қарапайым ережелерді сақтау керектігін айтып өтті. Балалар айтылған әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Әңгімелесуден кейін саяхаттың ең қызықты сәті – экскурияның тәжіребиелік бөлімі басталды. Өрт сөндірушілер балаларға өрт сөндіруде өздері қолданатын жабдықтары мен жауынгерлік өрт сөндіру автокөліктерін таныстырды.
Сүйсіне тыңдаған қыздар мен ер балалар техниканы қарап шықты және әрине, өрт сөндіру автокөлігінің кабинасында отыру мүмкіндіктерін жіберіп алмады, сондай-ақ өрт сөндірушілердің «жауынгерлік» киімдерін киіп көрді. Балаларға құтқару жабдықтары: гидравликалық қайшылар, кеңейткіштер, гидроцилиндрлер, домкраттар көрсетілді:
Өрт сөндіру бөлмінің алаңында үлкен жылжымалы АЛ-32 сатысымен бір көлік тұрған болатын. Құтқарушылар балаларға осы көліктің әрекетін көрсетті: сатыны көтеріп, онымен жоғарыға қарай көтерілді.
Экскурсия соңында балалар өрт сөндірушілермен бірге естелікке суретке түсті. Саяхат аяқтала салысымен, оқушылардың өздері өрт сөндірушілердің дабылына куә болды: жанып жатқан шөпті сөндіруге өрт есебі шақырылған болатын. Көзді ашып-жұмғанша, өрт сөндірушілер жолға шығып кетті.
-Экскурсия барысында балалардың алған білімдері мен дағдылары алдағы уақытта сөзсіз пайдасын тигізеді деген сенімдеміз, - дейді құтқарушылар қауымы..
Фото автора
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему