Маңғыстау облысында «Тұрғын үй - 2016» өрт қауіпсіздік айлығы басталды
20 Сентября 2016 (17:28) | 1896 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы аумағында «Тұрғын үй -2016» өрт қауіпсіздік айлығы басталды. Ол 2016 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанға дейін өткізіледі. Осыған орай 2016 жылдың 17 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмаз Искаков бастаған Басқарма қызметкерлері коммуналдық ұйымдардың өкілдерімен бірігіп Өмірзақ селосының және Приозерный тұрғын үй секторының тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Ақтау қаласы аумағында тұрғын үй өрт қауіпсіздігін талап ету бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындардың назарын электр жабдықтарын, отты дұрыс пайдалану, өрт қауіпсіздік нормаларын және жылытқыш пештерді, газ баллондарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағаттады.
Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен өткізілген «Тұрғын үй - 2016» өрт қауіпсіздік айлығы жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шарасын күшейту, өрттердегі адамдардың қаза болуына, азаматтардың жеке мүліктерінің шығынына жол бермеу үшін 270 – тен аса адамға түсіндірілді және 3 кездесу пештерді, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі, үйде, баспалдақтарда, дәліздерде өрт қауіпсіздігін сақтау және дұрыс ұстау бойынша 450 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Түсіндіру барысында негізгі назар аударылған жайттар - жылыту маусымында өрт қауіпсіздігіне дайындық, жылыту құрылғыларын пайдалануда ақау болуына жол бермеу болды.
Ең басты бағыттың бірі - тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тұрғындармен үгіт – насихат жүргізу. Осы өрт қауіпсіздік айлығы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар арасында 400 дана үгіт-насихат материалдары (жадынамалар, брошюралар, нұсқаулықтар) таратылды.
Өрт машиналары дыбыс зорайтқышпен жүру арқылы жоғарыда көрсетілген елді мекендерде өртпен күресу және оларды болдырмау бойынша іс-шаралар туралы жеткізді, - дейді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему