Суға түсу маусымы қорытындыланды
Курс валют в Актау
на 04/08/2020
 
419.46
424.21
 
493.99
499.8
 
5.58
5.8
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
4 Августа, 07:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Суға түсу маусымы қорытындыланды

5 Сентября 2016 (17:45) | 1453 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыста биыл суда қайғылы қазаға ұшырағандар саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Былтыр суға түсу маусымында 16 адам суға батып кеткен болса, бұл жылы 4 адам суға кеткен. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

 

0:00 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Хамидоллаұлы Мұханбетовтің қатысуымен өткен брифинг барысында «Суға түсу маусымының қорытындысы» тақырыбында әңгіме қозғалды.

 

 Манарбек Мұханбетов құтқару қызметінің суға түсу маусымының қорытындысы бойынша жақсы жұмыс атқарғандығын атап көрсетті, сонымен қатар ағымдағы жылғы өңір бойынша су айдындарындағы демалыс орындарында тұрғындардың қауіпсіздігі бағытында қолданылып жатқан шаралар туралы айтты.  

 

- Маңғыстау облысы бойынша адам өмірін қорғауда және судағы апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсету және төтенше жағдайлардың алдын алуда төрт Жедел құтқару бөлімшелері жұмыс жасайды: Ақтау қаласында, Форт-Шевченко қаласында, Құрық кентінде және Кендірлі базасында.

Маусым басталғалы суда құтқарушыларға 23 рет дабыл келді. Жедел әрекет етіп, 18 адам құтқарылды. Оның 5-еуі бала. Оқыс оқиғаның алдын алуға төтенше жағдайлар департаментінде жедел авариялық құтқару қызметінің құрылуы пайдасын тиігізіп отыр. Бұл қызметтің негізгі міндетіне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді,- дейді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

 

Манарбек Хамидоллаұлының мәлмдеуінше, «Жоғалып кеткендер – 1 адам (2015ж. - 4), суға бату,қайғылы оқиғалардың орын алуы -барлығы судағы қауіпсіздік Ережелерінің сақталмауына байланысты болып отыр (балық аулау кезінде, белгіленбеген және тыйым салынған жерлерде шомылу, сонымен қатар ішімдік ішкен күйінде).

 

 - Қайғылы оқиғалардың алдын алуға төтенше жағдайлар департаментінде жедел авариялық құтқару қызметінің құрылуы өз пайдасын тиігізіп отыр. Бұл қызметтің негізгі міндетіне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді,- дейді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

 

Жалпы биылғы маусымда құтақару жұмыстарына 13 арнайы техника мен 49 маман жұмылдырылған. Мамандардан өзге 32 ерікті көмекке келген. Еріктілер 3 адамды құтқарып қалды. Олардың барлығы мақтау қағаздарымен мадақталған. Облыста суға түсу маусымы әлі де жалғасуда. Осыған орай мамандар мен еріктілер суда жүзу тәртібін түсіндіріп, қауіпті аумақтарда сақ болуды ескертіп жүр. 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему