«Ақтау қалалық пробация қызметі» бөлімі сотталғандардың қоғамға бейімделуіне көмектесуде
Курс валют в Актау
на 03/12/2020
 
421.7
425.89
 
502.68
507.97
 
5.46
5.7
Номер редакции: +7 707 040 14 81
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
3 Декабря, 05:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақтау қалалық пробация қызметі» бөлімі сотталғандардың қоғамға бейімделуіне көмектесуде

9 Августа 2016 (18:14) | 2321 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Маңғыстау облысы ішкі істер Департаментінің Әкімшілік Полиция қызметінің Мемлекеттік Бақармасының «Пробация және бақылау» бөлімінде «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек Орталығымен бірлескен шара ретінде түзету мекемелерінен босаған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған кездесу ұйымдастырылды.

 

Шараға қатысқан прокуратураның, Әкімшілік Полиция қызметінің «Пробация және бақылау» бөлімінің инспекторлары және «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек Орталығының жетекшісі Райхан Бекманова түзету мекемелерінде жазасын өтеп шыққан тұлғаларға бүгінгі кездесудің мақсатын түсіндірді.

 

Азаматтарға алдымен анкета сауалдарына жауап беру ұсынылды, содан кейін «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек Орталығының директоры Райхан Бекманова жұмысқа орналасу үшін толтырылуы талап етілетін түйіндемені қалай рәсімдеудің қыр-сыры туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Орталықтың БҰҰ Даму бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және заң тұрғысынан қолдау көрсету шараларын ұйымдастыратыны туралы тілге тиек етті.

Орталықтың басшысы азаматтарға қысқа мерзімді курстарда белгілі бір мамандыққа оқыту арқылы арнайы сертификаттар алып, сол арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болуға көмектесетіндерін жеткізді. Курстарға қатысу ақысын «РАЙ» Орталығы өзі төлейтінін айтты. Көмек көрсетілген тұлғаларды мысалға келтіріп өтті.

 

 

«Ақтау қалалық пробация қызметі» бөлімінің бастығы әділет капитаны Сәдірбаев Жеңіс Ибадуллаұлы:

Бүгінгі өткізіп отырған шарамыздың мақсаты – «Ақтау қалалық пробация қызметі» бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету. Қазіргі таңда «РАЙ» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету Орталығы арқылы сотталғандарға түрлі әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетудеміз.

 

 

Сонымен қатар олардың жұмыс орны немесе нақты білімі болмаса, оларды белгілі бір мамандық бойынша оқыту арқылы жұмысқа орналасуына ықпал етуді көздейміз.

 

Бүгінгі таңда пробация қызметінің бөлімінде 460 адам есепте тұр. Оларға 100 пайыздық көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы 6 сотталған жұмысқа орналастырылды. 3 сотталғанға дәнекерлеуші мамандығы бойынша кәсіби білім алуына көмек көрсетілді. Бір сотталғанға қалалық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік көмек берілді, яғни 75 мың теңге көлеміндегі материалдық жәрдем жасалды.

 

Сонымен қатар қалған тұлғаларға психикалық және құқықтық көмектер көрсетіліп жатыр. Жалпы, бұл азаматтардың қоғамдағы өз орнын табуына көмектесіп, жұмыссыз, үйсіз болудың салдарынан қайтадан қылмыс жасауды ойламауы үшін әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етіп отырмыз,- деп мәлімдеді тілшілерге берген сұхбатында.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему