Александра - спорт шебері атанды!
20 Июня 2016 (11:28) | 2664 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау баскетбол тарихында алғаш рет «Жастар» спорт мектебінің шәкірті Александра Петелина ҚР-ның спорт шебері атанды. Александраға бұл марапат 2015-2016 жылдары елімізде баскетболдан өткен Ел чемпионаттарында үздік өнер көрсеткен үшін табысталып отыр.
«Ақтау-7292» баскетбол құрамасының ойыншысын марапаттау салтанатына облыстық спорт басқармасының міндетін атқарушы Рушания Елизарова, Маңғыстау облыстық баскетбол федерациясының директоры Самсон Аракелян, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенова, «Ақтау-7292» баскетбол құрамасының бапкері Баграт Аракелян қатысты.
- Александра-әйелдар арасында баскетболдан аймақта алғаш ҚР-ның спорт шебері атанып отыр. Сондай-ақ, қызымыз еліміздің ең үздік 5 ойыншысының қатарына қосылды. Бұл-біздің команда үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар биыл ҚР чемпионатының жоғарғы лигасында әйелдер құрамасының арасынан «Ақтау-7292» баскетбол құрамасы жақсы ойын көрсетіп, үшінші орынды иеленді, - дейді «Жастар» спорт мектебіне қарасты «Ақтау-7292» баскетбол құрамасының бапкері Баграт Аракелян.
17 жасар Александра қосымша Маңғыстау туризм колледжінде білім алады. Жастайынан би мен баскетболға қатысып, талантын шыңдаған ару болашақта бапкерлікті қолға алып, шәкірт те тәрбиелегісі келеді.
- Ата-анамыз бос уақыттарымызды тиімді өткізу үшін кішкентай кезімізден бізді түрлі үйірмелерге қатыстырды. Мен бимен де айналыстым, қосымша баскетболға бардым. Таңдау болған кезде ойланбастан баскетболға кеттім. Ата-анам да менің шешімімді қолдады. Енді міне, бүгін соның жемісін көріп отырмын. Облысымызда әйелдер арасында алғаш рет ҚР-ның спорт шебері атану мен үшін үлкен мәртебе, - дейді «Ақтау-7292» баскетбол құрамасының ойыншы Александра Петелина.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему