Ақтаулық тәртіп сақшыларымен «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқық бұзушылықтардың саны артуда
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 19:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшыларымен «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқық бұзушылықтардың саны артуда

17 Марта 2016 (20:39) | 2509 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева:

 - Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша әрдайым өткен жылмен салыстыру арқылы мониторинг жүргізіледі.

Оның жұмыс қорытындысына сай, төмендегі көрсеткіштер бойынша келесідей мәлімет анықталып отыр, яғни ағымдағы жылдың 2 ай 14 күн қорытындысымен нөлдік төзімділік бағытында барлығы 4120 (2015ж 3 айы – 4100) құқықбұзушылық анықталып, өткен жылдың наурыз айының қорытындысымен салыстырғанда, бүгінгі күннің өзінде 20 дерекке жоғары болып отыр. Алдымызда айды қорытындылауға әліде 10 күн мерзім ішінде бұл бағыттағы көрсеткіштерді тағы да жоғары көтеруге жұмыстанудамыз,- деп мәлімдеді. 

 

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК – нің баптарына сай талдай кетсек:

132 бап (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарына болуы) – 3

408 бап (иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу) - 229

434 бап (ұсақ бұзақылық) – 263

437 бап (тыныштықты бұзу) –283 ;

440 бап ( алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу) – 1394

441 бап (белгіленбеген орындарда темекі шегу) - 804

442 бап 2 бөлігі (заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) - 138

505 бап (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын қөріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) –1006 .                      

 

Қала тұрғындарының назарына: «Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі– қоғамның белсенділенуі. Яғни, елдін әр азаматы кез-келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлауы керек.

 

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қағидасы - барлық қоғамды құқықбұзушылықтан тыю керек, бір бөлек құқық қорғаушы орган барлық елде тек өз күшімен құқық тәртібін сақтайды деп сенуге болмайды.

 

 Әр азамат мемлекеттегі тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты болуы міндетті. Басқа біреу істейді деп тоспау керек, арнайы органдардан көмек күтудің қажеті жоқ. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібі - құқық мәдениетінің ісі болып кез - келген азаматтан шығу керек.

 

«Дамыған қоғам - барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек», — деп Елбасының Жолдауында айтылған.

 

Кез келген заң бұзушылыққа, тіпті ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға баратын маңызды қадам болып келеді, - дейді облыстық ІІД Баспасөз қызметінің өкілі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему